-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ҚЫЗЫЛОРДА: МОНИТОРИНГТІК ТОП №3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАҒА, 4 ДӘРІХАНАҒА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

    2020 жылғы 20 шілдеде 1 емханаға, 4 дәріханаға зерделеу жұмыстары жүргізілді.

    №3 қалалық емханасында 64 800 халыққа қызмет көрсетіледі, оның ішінде 21 000 балалар, 1000-ның үстінде жүкті әйелдер. Эпидахуалға байланысты 4 мобильді топ құрылған. Қазіргі таңда үй карантинінде симптомсыз және жеңіл түрімен бақыланатын адамдар 139 болды, 19-ы қалып отыр. Стационардан емделіп шыққандар 102 науқас, 16-17 науқасты бақылауды қажет етіп отыр. Тегін медициналық кепілдірілген көмек шеңберіңде 35 нозологияға тегін беріледі. МӘМС бойынша балаларға 64, ересектерге 41 нозология беріледі. Маусым айының соңғы онкүндігінен бастап пневмония диагнозымен келген науқастар көбейді. Пневмония бойынша 240 науқас тіркелген. 64 800 халыққа қызмет көрсетуге мамандардың 90%-ы жұмылдырылған. Қазіргі таңда 11-і декреттік демалыста, сондықтан дәрігерлер жетіспейді. Оның үстіне еңбекке жарамсыз жүргендер, ақысыз демалыста жүргендер бар. Орта буын қызметкерлер жеткілікті.

    Бүгіннен бастап пневмония диагнозымен үйде ауырған науқастарға күндізгі стационар ашылуда. Дәрілер диагноз дәлелденген, нақтыланған жағдайда ғана дәрігердің жолдамасымен беріледі. Антибиотиктер жеткілікті.

    Бүгін 4 дәріханаға: «Ansar» (Желтоқсан 24 А), «Артемида» (Желтоқсан, 26). «Europharma» (А.Байтұрсынов, 64), ЖШС «Фармпровайд» (Абай даңғылы, 16) мониторинг жүргізілді.

    Жүргізілген мониторинг барысында анықталғандай, ешбір дәріханада алдыңғы апталармен салыстырғанда ұзын-сонар кезек жоқ. Дәрі-дәрмектер қатары толыққан. Бірақ, бүгінгі таңда сұранысқа ие дәрілік препараттардың (дисоль, ацесоль, трисоль) жоқтығы байқалады. Дәріхана өкілдерінің айтуынша, жақын арада оларға берілген өтінімдерге сәйкес қажетті дәрі-дәрмек түседі деп күтілуде.

    Мониторинг тобының жұмысы кезінде дәрі-дәрмек бағалары белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан қымбат сату анықталмады.

    қатысты посттар

    Ержеңіс Әбді: Астана – әлемдік шаһар

    Фариза

    Қызылорда облысында ауыл кәсіпкерлерін несиелендіру жалғасын табады

    Фариза

    Талдықорғанда қанды қаңтарды ұйымдастырған 11 күдікті ұсталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.