19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте 6 500-ге жуық түлек ҰБТ тапсырды

    Шымкент қаласында биыл оқу жылын 172 білім беру ұйымында 8 885 түлек мектеп бітірді. Оның ішінде Ұлттықбірыңғай тестілеу тапсыруға 6 845 түлек өтініш білдірген.

    Түлектер тестті 21 – 30 маусым аралығында тапсырды. Өтініш білдірушілердің арасында ҰБТ тапсырғандар саны  6 468 болса, тапсырмағандар саны – 377.

    Денсаулық жағдайына байланысты 8 түлек  тестілеугежіберілмеген. 182 талапкер рұқсат етілмеген заттарды алыпкірмек болғаны үшін тестке жіберілмеген, 53-і тест кезіндеережелерді бұзғаны үшін шеттетілген. 134 – түрлісебептермен тестке келмеген.

    308 талапкер – тамыз айында өтетін ақылы негізде өтетінтестке тіркеліп, тапсыратын болады. Ал  8 талапкер  орта арнаулы білім беру (колледж) ұйымдарына түсуге ниетбілдірген. 53 талапкер – 2020 жылғы қаңтар айында өткенақылы негіздегі тесттің қорытындысы негізінде ЖОО құжаттапсыратын болады.

    Ғимаратқа кіргізу кезінде дене қызуының жоғары болуынабайланысты 8 талапкер ҰБТ-н 19 шілде тапсаратын болды.

    Айта кету керек, ҰБТ тапсыру ешбір түлеккеміндеттелмеген. Яғни, әрбір талапкер ЖОО орнына түсуүшін өз еркімен тест тапсыруға өтініш білдіре алады. Сондай-ақ, тест нәтижесін ЖСН арқылы тек өзі ғанакөруіне мүмкіндік бар.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте ҰБТ өтетін жоғарғы оқу орындарының дайындығы пысықталуда

    Фариза

    Шымкентте қайтыс болған дәрігерлердің отбасына мемлекеттік наградалар табыс етілді

    Фариза

    Семейге ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин келді

    Пікір қалдыру

    17 − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.