26 C
Алматы
Сенбі, 18 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ОҚМУ-ДЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың үздік түлектерін онлайн
    құттықтады.

    77 жылдық тарихы бар оқу орны биыл Қазақстандағы ЖОО рейтингісі бойынша үшінші орынды
    иеленсе, әлемдік рейтингте ТОП 500-ге еніп отыр.

    2019-2020 оқу жылында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін
    5248 маман түлеп ұшқалы отырса, оның 362-сі үздік дипломға бітіріп отыр.

    «Құрметті түлектер! Сіздерді мамандық иесі атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Үздік
    диплом алуларыңызды еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз деп санаймын. Өмірге алған
    жолдамаларыңыз тек сәттілік әкеліп, жемісін берсін!» – деп қала басшысы ізгі тілегін білдірді.

    Қазіргі таңда оқу ордасында 1577 профессор-оқытушы білім береді. Оның ішінде 22 академик,
    500-ге жуық ғылым кандидаты, 102 ғылым докторы бар.
    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Сыр жастары арасында онлайн форматта спорттық жарыстар ұйымдастырылуда

    Фариза

    Шымкент әуежайы: Конкурс нәтижесі бүгін белгілі болады

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Жолақы: картамен – 70 теңге, әйтпесе 100 теңге…

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.