37.4 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Рәбиға Сыздықтың қазасы — ұлтымыз үшін орны толмас қайғы — Мәулен Әшімбаев

    Қазақ тілінің абыз анасы атанған, ұлылардың көзі болған ғалым, академик, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Рәбиға Сыздықтың қазасы — ұлтымыз үшін орны толмас қайғы.

    Рәбиға Сәтіғалиқызы отандық ғылымның, соның ішінде қазақ тіл ғылымының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға. Бүкіл ғұмырын ана тіліміздің тарихын, қалыптасуын, дамуын терең зерделеуге арнап, соңында «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Сөздер сөйлейді», «Сөз құдіреті», «Абай шығармаларының тілі», «Абайдың сөз өрнегі» сияқты ұрпаққа өнеге болар өшпес мұра, іргелі еңбектер қалдырды.

    Рәбиға апай тіл білімін жан-жақты зерттеу арқылы ұлтымыздың тарихи, мәдени, танымдық кеңістігіне, ұлы тұлғалардың өнегелі ғұмырнамасына жаңаша үңілді. Ұлтымыздың біртуар ұлдарының есімдерін жаңғыртып, тарихи әділеттілік орнатуда қазақ қызына тән қайсарлығымен көзге түсті. Кеңес дәуірінде Ахмет Байтұрсынұлының тіл ғылымына сіңірген еңбегін ашық айтып, оның мол мұрасын жаңғыртуға талпыныс жасауы ерен ерлікпен тең болатын.

    Рәбиға апайымыз бәріміз үшін ғылымға адалдықтың және ұлтқа аянбай қызмет етудің озық үлгісі бола білді. Сондықтан апамыздың қазақ руханиятына қосқан үлесі ешқашан ұмытылмайды және жарқын бейнесі мәңгі жадымызда сақталады.

    Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын.

    Мәулен Әшімбаев

    https://www.facebook.com/100024724328585/posts/718014142366057/?d=n

    қатысты посттар

    Қызылордада 160 отбасы баспаналы болды (ФОТО)

    Фариза

    «Жұбайының өртенген денесін көмген әйел бұл істе шикілік бар деп санайды.» Шуда полиция мен тұрғындар арасында қақтығыс бола жаздады

    Күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге энергияны өндіруші және энергия тасымалдау ұйымдары үшін дайындық паспортын беру

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.