23 C
Алматы
Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жалағашта спорт мектебі күрделі жөндеуден өтуде

    Жалағаш ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы облыстық деңгейдегі бюжеттік бағдарлама әкімшілері арқылы 4 жоба іске асырылады.

    Олардың қатарында №13 Олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстары бар. Қазіргі таңда ғимараттың сыртқы жұмыстары шатырын жаңарту және сыртын қаптау жұмыстары жүргізілуде.

    «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» шеңберінде атқарылып жатқан бұл жұмыстарға жергілікті жерден жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 адам жұмыспен қамтылған. Жөндеу жұмыстарын конкурс жеңімпазы «Real Strоy Invest» ЖШС жүргізуде.

    Аталған ғимараттың жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аудан спортшыларының спортпен шұғылдануына жақсы жағдай жасалынады деп күтілуде.

    Айта кету керек, №13 ОРМБЖМ-да 4 спорттық секцияда 200 спортшылар шұғылданады.

    қатысты посттар

    Қазалыдағы ауруханаларға оттегі концентраторы жеткізілді

    Фариза

    Қызылорда облысында жылыту жүйелерін жөндеу жұмыстары 80%-дан асты

    Фариза

    Арал ауданында жаңа амбулатория ашылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.