12 C
Алматы
Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада «Қазатомөнеркәсіптің» әлеуметтік жобалары іске асырылып жатыр

    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзі жұмыс жүргізетін өңірлердің әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына, тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға инвестиция салуды одан әрі жалғастыруда.

    Атом холдингінің кәсіпорындары қатысатын өңірлерде әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    – Аталған компания Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарында компания көшелерді жарықтандыруға күрделі жөндеу жүргізіп, қайта жаңартудан өткізеді. Байкенже ауылында балалар ойын алаңы салынбақ. Сондай-ақ Бала би ауылында «Нәнсай» су бұру арнасы арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің екі жағына дамба салуды жоспарлап отыр, – делінген компанияның хабарламасында.

    Жақын болашақта Қазатомөнеркәсіп өзі қатысатын өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолға алатын болады. Олардың ішінде жалпы пайдаланымдағы жолдарды, балалар ойын алаңдарын, спорт кешендерін салу және жөндеу, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бар.

    Айта кету керек, 2020-2022 жылдары Компания Қызылорда облысында ұзындығы 4,8 км болатын автожол өткелі мен автомобиль жолын салуды жоспарлаған. Аталған жоба қауіпті жүк тасымалдайтын автокөліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.

    қатысты посттар

    Сайлау учаскелері сағат 7:00-де ашылады

    Фариза

    Қызылордада мемлекет және қоғам қайраткері Ыдырыс Қалиевтің ескерткіш-мүсіні ашылды

    Фариза

    Шығыс Қазақстан облысында 12 сантиметр қар жауды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.