12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    200 мың теңге: Ауылда мектеп сатылып кетіпті

    Бағасы да күлкілі 200 мың теңгеге жетер-жетпес. Доллар емес, теңгемен.

    195 мың теңгеге мектеп сатылады! Саудаға түскен білім ошағы Қарағанды облысының Қарқаралысында. Аудан басшылары өздеріне қарасты бір ауылдағы мектепті сатуға қойып, әлдебір азаматтың қолына беріп жіберген. Қалай сатқанын да айтып берді.

    Ауылдықтар болса, мектепті қайтар деп даурығуда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

    Қарқаралы ауданындағы Қаракөл ауылы. 400-дей адам мекен етеді. Тұрғындары әдеттегідей газеттегі хабарландыруларды оқып отырып, өздерінің мектептерінің сатылып кеткенін кездейсоқ білдік деп дабыл қақты. Бағасы да күлкілі 200 мың теңгеге жетер-жетпес. Доллар емес, теңгемен. Сатылымға аудандық әкімдік қойса керек. Енді Қаракөлдіктер сол келісімді бұзуға күш саламыз деп бекінген.

    Алмас Қанафин, ауыл тұрғыны:

    “Келісім-шарты бұзу. Бұзып, бізге басшылар осыны қайтарып берсе ауылға. Басқа жоқ. Егер сол сол сатып алған адамға ақшасын қайтарып берсек, өйткені халық ақша жинап қойдық. 200, жарайды, жолына, әділ болуымыз керек, 300-400 мың ғып берсек, школды қайтарып берсе, ешкім ұтылмайды да”.Ауылдықтар бұл ұсынысты білім ошағының жаңа иесіне де айтыпты. Бірақ онысы алғыларың келсе, 2 млн беріңдер деп жауап қайтарса керек. Оны бұзып, өзіне үй салғысы келтінін айтыпты. Аяқ асты мектептен көз жазып қалғандар енді ол үшін өліспей беріспейміз, дейді.

    Ерканат Мұхтаров, ауыл тұрғыны:

    “Қазір келеміз десе, ешкімге бермейміз бұл мектепті! Халық болып шығамыз. Ауылдың жастары да келеді. Мынаның артында бір материалдар болды, оны алып кетті. Білмейміз оның бәрін, мына жақтан батарейкаларды алып жатыр”.

    Белгілісі, мектеп екі жылдан бері жұмыс істемейді. Тәртіп бойынша бастауыш сыныптарда кем дегенде бес бала болуы керек екен. Жиналмай қалып, жабылды. Осыншалық арзанға өтерін білгенде, өздеріміз сатып алар едік дейді, ауыл тұрғындары. Қаракөл әкімі мектептің сатылымға қойылғаны туралы бәрі естіген, дейді. Жаңа қожайынымен тілдесіп те үлгеріпті.

    Берлібек Әбдікәрімов, Қаракөл ауылдық округінің әкімі:“Сатылып кеткеннен кейін уже жеке меншік. Ол өзі біледі. Бірақ мен оны келгенде айттым. Әй, сен мынаны бұзба дедім. Сен бұзбасаң, айналасындағы шарбағына біз тиіспейміз, алмаймыз. Ал егер сен бұзатын болсаң, біз онда шарбағын бәрін пристройка нелерін алып бермейміз деді. Ол бұзбаймын деді”.Мектеп құны неліктен бір соғым бағасымен кетті деген сауал мазалап, аудан әкімдігіне жол тарттық. Сөйтсе, әуел баста 9 млн теңгеге қойылыпты. Бос тұрған ғимаратты ешкім алғысы келмеген. Құны екі есе төмендетіліп, тағы қойылды. Онда да болмады. Ақыры, ниет еткендердің өз бағасы электронды түрде сараланған екен. Енді жаңа жылдан кейін тіркеу шаралары қолға алынбақ.

    Жұлдыз Қыстаубаева, Қарқаралы аудандық мемлекеттік активтер мен сатып алу бөлімінің төрағасы:

    “Бәрі электронды түрде өтті. Ол жерде сатып алушы өзі қояды бағасын. Жаңағы 195 мыңға сатып алды”.

    Үлкендер саудаласып жүргенде, балалар қиналып жүр. Бар бүлдіршін 20 шақырым жердегі интернаты бар мектепке қатынап, білім алуда. Ата-аналары такси жалдап, шығындалып жүрсе керек. Бізге ағынан жарылған балақай көз жасын тыя алмай бар өкпесін айтып қалды.Карнеля Девие, мектеп оқушысы:

    “Сабаққа барған кезде біз көп күн қаламыз. Көп күн қалып, мұғалімдерден ұрыс естиміз. Біз сабаққа таксимен барып жүрміз. Әке-шешеме өте қиын ол”.

    Бір жұбаныш осы болар. Аудандық білім бөлімінің басшысы арнайы автобус бөлуге уәде берді. Бірақ мектепті қайтару қиын болатын сияқты. Өйткені, сауда аяқталған соң келісім тек сатып алған қожайынмен жүруі керек. Ауылдықтардың сөзіне сенсек, Қаракөлге қайтып келіп жатқан жас отбасылар бар екен. Білім ошағы қайта ашылып, ауыл тамырына қан жүгірер деген үмітпен жүр.

    қатысты посттар

    Қазалыда 20 жылдан астам уақыттан бері жөндеу көрмеген мектеп күрделі жөндеуден өтеді

    Фариза

    Қызылордада суық су бағасы арзан

    Фариза

    Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел Үміті» бастамасы пандемияға қарамастан сәтті жүзеге асырылуда.

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.