3 C
Алматы
Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада мәдениет саласы бойынша 22 жоба жүзеге асырылады

    Мәдениет саласы бойынша «Жұмыспен қамту 2020-2021» жол картасы 22 жобаны қамтиды. Бүгінде 21 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталып, мердігерлер анықталды. Бұл туралы облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова мәлімдеді.

    – Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі ғимаратының қосымша құрылыс жұмысына қайта конкурс жарияланып, жеңімпаз мердігермен келісім-шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде. Ал, облыстық филармония ғимаратының қосымша құрылыс жұмысына, Қазалы ауданы Ақсуат, Шиелі ауданы Жиделіарық елді мекендеріндегі 150 орындық ауылдық клуб құрылыстары мен Жаңақорған ауданы Түгескен елді мекеніндегі ауылдық клубты қайта жаңғырту жұмыстарына жеңімпаз атанған мердігер мекемелермен келісім-шарт жасалды, – деді Мира Абуова.

    Биыл облыстағы 3 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олар «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ-нің Арал аудандық архиві филиалы ғимараты, Шиелі ауданы Бірлестік ауылындағы «Жаназар батыр» ауылдық мәдениет үйі және Жаңақорған ауданы Жаңаарық ауылындағы ауылдық клубы.

    Сондай-ақ, ағымдағы жылы 14 жоба жөндеу жұмыстарына бағытталады.

    қатысты посттар

    Қосымша бес мың гранттың иегері болу үшін қанша бал жинау керек?

    «Сарқыт ішек ауруларын тудырады» деген санитар қатты сынға ұшырады

    Заманбектің ұлы: «Баталов тегімнен бас тартсам, әкім етіп қоятынын айтты»

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.