-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында орман қоры 6,5 млн гектарды құрайды

    Қызылорда облысы көлемінде мемлекеттік орман қоры жерлері 6,5 млн га құрайды, оның ішінде орманмен қамтылғаны 3,1 млн га, осы аумақтың 89 пайызын сексеуіл ормандары алып жатыр. Бұл туралы Облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымжан Орақбаев мәлімдеді.

    – Биыл 26 наурыздан бастап облыстың мемлекеттік орман қоры өрт қауіпі бар маусым белгіленді. Осы уақытқа дейін 199,31 га құрайтын 35 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 80,96 гектары орманды жерлерді, 117,31 га ормансыз жерлерді қамтыды. Сонымен қатар, аймақта балық шаруашылығының маңызы зор. Облыста Кіші Арал теңізі мен жергілікті маңызы бар көлдерден кәсіпшілік балықтың 14 түрі аулануда. Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толықтай және жергілікті маңызы бар 207 көлдің 87 пайызы аудан (қала) әкімдіктерімен конкурс негізінде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Қалған 27 көл резервтiк қорда, – деді Ғалымжан Жәдігерұлы.

    Сондай-ақ, облыс көлемінде табиғат қорғау мекемелерімен және құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-шаралар аясында 16 қылмыстық іс анықталып, 4-уі сот органдарына жолданды. Оның 3 сексеуіл ағашына, 5 іс балыққа, 7 іс тораңғыл ағашына, 1 іс қарақұйрық, 5 іс киік аңына қатысты.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында ҚХА татулықты ту еткен ауқымды шараларды жүзеге асыруда

    Фариза

    БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинау басталды

    Фариза

    Ғабидолла Әбдірахымов: Мен өлген жоқпын ғой!

    Пікір қалдыру

    20 + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.