Қазірі таңда халық көп шоғырланған елді-мекендерде жолаушылар тасымалын дамытудың кешенді кестесі жасалуда.
⠀» Жоспар бойынша жоба жүзеге асырылғаннан кейін қалада 3 жылдан аса қолданыста болған автобустар болмайды. Барлық қоғамдық көліктердің бағыттары өзгереді. Жаңа жүйе 78 көлікті қамтиды. Барлық қоғамдық көліктің бағыты өзгереді. Бұл жоба халықтың межелеген жеріне тез жетуіне мүмкіндік береді», — деді Мақсұт Исахов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары⠀
Сондай-ақ ол қауіпсіздік деңгейі мен қызмет көрсету сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлінетінін, ол үшін жүргізушілер арнайы тәжірибеден өтетіндігін және кондукторлардың жұмысы да қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
Ал 1 шілдеден бастап қала билеттерді электронды түрде сату жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр.
Автобустар қозғалысының жаңа схемалары.
Фариза Жандар