-0.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Той жасауға рұқсат беріле ме?

    Карантин кезінде тірлігі тығырыққа тіреліп, төтенше жағдайдың залалын ең көп тартқандар
    — тойхана иелері. Негізгі табыс көзі той болғандықтан, бұл топтағылар «шығынға белшеден
    баттық» деп, жыларман халге түсіп отыр. Ал, жергілікті билік өкілдері шағын кәсіп
    иелерімен кездесіп, түйіткілдің түйінін тарқатуды қарастырды. Сөйтіп, тойхана иелеріне 50
    адамнан аспайтын тамақтану қызметін көрсететін мейрамханалар ретінде жұмыс істейуге
    ұсыныс жасады. Ал, наразы топ бұған не дейді?

    Тойхана қожайындары карантиннің тым ұзарып кеткеніне наразы. Ал, миллионды шаһарда
    шектеу шараларын күшейтудің өзіндік себебі де белгілі. Қауіпті кеселді жұқтырғандар
    саны азаймай отыр. Демек, эпидемиологиялық жағдай күрделі. Сондықтан карантиндік
    режим аяқталғанша тойханалардың қызметін бастауға рұқсат берілмейді. Егер 22
    маусымнан кейін санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталса, тойханаларды ашуға
    байланысты жеңілдіктерді қарастырамыз, -деді қала әкімінің орынбасары Ербол
    Әбілхайырұлы.

    Әкімдік өкілдерінің тойхана әкімшілеріне жасаған ұсынысы наразы топ тарапынан қолдау
    таппады. Өйткені, тойхана иелері коммуналдық қызметтерге қарызға белшеден батып
    отыр. Оның үстіне, білікті мамандарынан айырылып қалғысы келмегендіктен,
    қызметкерлерге жалақы төлеуге мүдделі. Жалпы Шымкентте сыйымдылығы 250 адамнан
    асатын 100-ге жуық тойхана жұмыс істейді. Оларда орта есеппен 6 мыңнан астам азамат
    жұмыспен қамтылған. Төтенше жағдай енгізілгенге дейін әр тойханада айына кем дегенде
    15 той өткізіліп келіпті. Бұдан басқа, миллинды шаһарда 500-ден астам кішігірім ұйым
    жұмыс істейді.

    Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні біреу. Әзірге ешбір тойханаға той жасап, құдалық
    өткізуге рұқсат жоқ. Ал, 22-маусымнан кейін қаладағы эпид ахуал жақсарса, көпшілік
    басқосудың біріңғай жеңілдетілген шарттары бекітілуі бек мүмкін.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жамбылда құрылысшылар күні аталып өтті

    Қызылордада соңғы 10 күнде 60 той өткізу фактісі анықталды

    Фариза

    Шымкент қаласының әкімі жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының барысымен танысты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.