Воскресенье, 14 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалы ауданында 3 млрд-тан астам қаржыға 42 жоба іске асырылып жатыр

    Қазалы ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында құны 3 млрд 11 млн 89 мың теңге болатын 42 жоба іске асырылып жатыр.

    Осының нәтижесінде жүздеген тұрғынға жұмыс табылып, әлеуметтік нысандар жаңғыртылудан өткізілуде. Бағдарлама шеңберінде Ғ.Мұратбаев ауылына табиғи газ апару, Ақсуат ауылынан 150 орындық клуб салу, ауданды абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылатын болады

    Бүгінгі таңда Қазалы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы жарияланған 33, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы жарияланған 9 жобаның жеңімпаздары анықталған. Жарияланған жобалардың жеңімпаздарының барлығы да Қазалы ауданының кәсіпкерлері. Бұл жергілікті кәсіпкерлерге көрсетілген қолдау десекте болады.

    «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсатын – жұмыссыздардың санын азайту. Осыған байланысты қолға алынған жобаларда аудан бойынша 436 адам жұмыспен қамтылады.

    Айта кетейік, жұмыспен қамтылған азаматтардың жалақысы 85 мың теңгеден болады.

    қатысты посттар

    Жәрмеңке: Қызылордалықтар елорда тұрғындарына 360 тоннаға жуық өнім ұсынуда

    Фариза

    Қазақстанда жыл соңына дейін ет пен жұмыртқа бағасының өсуі күтілуде

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Сырдария ауданына барды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.