-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Петропавлда заңды тұлғалар үшін ХҚО жұмыс істей бастады

    Петропавлда бизнеске қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұндай шешімді Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету штабы қабылдады.

    Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай ХҚО Алматы мен Павлодар қалаларында өз жұмысын бастаған, таяу уақытта төтенше жағдай тәртібінқамтамасыз ету жөніндегі облыстық штабтардың шешімімен заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін Қазақстанның өзге қалаларында да ХҚО ашылатын болады.

    Құжаттарды қабылдау облыс әкімдіктерінің алдын ала ұсынған тізіміне сәйкес жүзеге асырылады. Ол тізімге несиелеу бойынша оң шешім алған ұйымдар кіреді. Бұл ретте, ХҚО-лар тек бизнеске қызмет көрсету үшін ғана жұмыс істейді. Облыс тұрғындары мемлекеттік қызметтерді онлайн жолмен ала береді.

    Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 87%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, Facebook және Vk әлеуметтік желілерінің чаттары арқылы алуға болатындығын еске саламыз.

    Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерді сапалы және тиімді көрсету үшін кәсіпкерлерге құжаттарының толық пакетін ұсынуды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска режимін сақтауды сұрайды. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында филиал қызметкерлері бетперде мен қолғаптарда жұмыс істейтін болады.

    Заңды тұлғаларға қызмет көрсететін ХҚО мекенжайы: Петропавл қ., Әуезов к-сі, 157. Жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9:00-17:00аралығы.

    қатысты посттар

    Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеге өтініш қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

    Фариза

    Нұр-Сұлтанда төбелес кезінде Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті

    Фариза

    Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.