6 C
Алматы
Среда, 6 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    42 500 теңгені заңсыз алғандар жәрдемақыны Үкіметке қалай қайтара алады?

    Еңбек министрлігі 42 500 теңге жәрдемақаны қайтару туралы ресми көзқарасын жариялады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттіг Azattyk-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    42 500 ТЕҢГЕ ЖӘРДЕМАҚЫНЫ КІМДЕР ЗАҢСЫЗ АЛҒАН БОЛЫП САНАЛАДЫ?

    Бұған дейін елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, уақытша табысынан айырылғандарға берілетін 42 500 теңге жәрдемақыны заңсыз алғандар 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлеп, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін деп жазған едік. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы мәселеге қатысты ресми баспасөз хабарламасын таратты. Министрлік қандай азаматтар жәрдемақыны заңсыз алды деп саналатынын айтқан.

    Дереккөзге сүйенсек, тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар (оның ішінде, мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері); зейнетақы немесе жәрдемақысы, төтенше жағдай енгізілгенге дейін ресми жұмыс істемеген адамдардан 863 мыңға жуық өтініш келген.

    «Өтінім беруші ұсынған деректерді тексере келе, жұмыс берушінің қашықтан жұмыс істеуге рұқсат еткені немесе толық емес жұмыс күніне ауыстырғаны, ұйымның жалпы амалсыздан тоқтап тұрғаны анықталып жатыр. Мұндай жағдайда жұмыс беруші тарап жұмысшыларға жалақы төлеуі тиіс. Дегенмен, ұйым басшылығы жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберетіні жайлы бұйрық шығармаса да, жұмысшылар «42 500 теңге» төлемге өтінім беруге әрекеттенген», — деп хабарлайды министр.

    Сондықтан, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы орындармен бірлесе отырып, жалдамалы жұмысшы болып саналатын өтінім берушілердің расында ақысыз демалыс жіберілгенін тексеруге кірісті. Бір сөзбен айтсақ, 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны төтенше жағдай кезінде үйде болса да, жалақысы жүріп тұрған, қашықтан жұмыс істеп отырған, ақылы демалысқа жіберілген, зейнетақысы мен жәрдемақысы бар азаматтардың алуы заңға қайшы.

    ЗАҢСЫЗ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛҒАНДАРДЫ ҚАНДАЙ ЖАЗА КҮТІП ТҰР?

    Еңбек министрлігі ондай азаматтар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 және 195 баптары бойынша жазаналады дейді.

    «42 500 теңге» әлеуметтік төлемі бойынша барлық тағайындаулардың негізі төтенше жағдай тәртібі аяқталғаннан кейін бекітілген заң жүзінде қайта тексерілетінін мәлімдейміз. Әр өтінімге қатысты ұсынылған деректердің шынайылығына жауапкершілік жүктелген, оның ішінде, әлбетте басты себеп – төтенше жағдай кезіндегі шектеулер салдарынан табыстан айырылу», — деп хабарлайды министрлік.

    Яғни, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін, барлық төлем төленіп біткен соң, министрлік осы жәрдемақыны алған әрбір азаматтың ақшасын санайды.

    «Әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған адамдардың жауапкершілікке тартылуы олардың жасаған заңсыз әрекетіне байланысты болады. Әлеуметтік төлем алушылардың заңсыз іс-қимылы Қылмыстық кодекстің аясында қарастырылады (190, 195 баптар)», — деген министрлік өкілдері өз хабарламасында.

    ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ҮКІМЕТКЕ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ

    Еңбек министрлігі бұл ретте «қателесіп» өтініш жіберген азаматтарға ақшаны мемлекетке қайтып берудің амалын ұсынған. Қайтарылған жәрдемақылар «Азаматтарға арналған үкіметке» түседі. Сонымен қатар, бірнеше банк жәрдемақыны қайтарудың тетігін қосқан деп хабарланып отыр.

    «Егер өтініш беруші қателесіп, әлеуметтік төлем алған болса, бірақ бұл қаражатты қайтару қажет деп санаса, 42 500 теңгені келесі шотқа жібере алады: Алушының атауы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ

    БСН: 160440007161

    БСК: GCVPKZ2A

    ЖСК: KZ67009SS00368609110

    ТТК: 049

    Халық банк пен Каспий банкте шоттары бар азаматтар, «Әлеуметтік төлемдерді қайтару» тетігін таңдай отырып, 42 500 теңгені банктердің ұялы қосымшасынан қайтара алады», — деп хабарланған ақпаратта.

    қатысты посттар

    Kaspi.kz кредит төлемдерін екі айға кейінге шегеретінін хабарлады. Михаил Ломтадзенің компания клиенттеріне үндеу жасады

    Фариза

    «Ақша алмаса қарамайды» Әйелі мен баласының өліміне дәрігерлерді кінәлаған Алматы тұрғыны жанайқайын айтты

    Фариза

    Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жер сату мәселесіне тағы тоқталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.