Суббота, 17 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатДенсаулықҚоғам

    Алматылық дәрігерлер Молдағасымованы сотқа беріп жатыр

    Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың гинекология бөлімінің меңгерушісі Гауһар Әміреева мен 33 қызметкер атышулы мәлімдеме жасаған қаланың бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымованы сотқа беріп жатыр, — деп хабарлайды Qazweek.kz  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Орталық қалалық клиникалық аурухананың гинекология бөлімінің атынан мен Молдағасымованы сотқа беремін. Қазіргі уақытта адвокаттар сотқа дейінгі шағымды дайындап жатыр», — деді Гауһар Әміреева.

    Еске салайық, Алматының бас санитар дәрігері орталық ауруханада дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыруына медицина қызметкерлерінің өзі кінәлі екенін мәлімдеген болатын. Молдағасымованың айтуынша, дәрігерлер сақтық шараларын ұстанбаған.

    Кейінірек денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл жағдайға пікір білдірген еді.

    қатысты посттар

    Қаскелеңде жүкті әйел 3-қабаттан секіріп кетпек болды

    Фариза

    Субсидияға бөлінген бюджет қаражаты желге ұшты — Тоқаев

    Фариза

    Келіннің басына жүген тағып, малша жетектеу қайдан шыққан ырым? (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.