-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    42 500 теңге алушылар үшін кезекті төртінші өзгеріс енгізілді

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төлемді алушылар тізіміне өзгеріс енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Сенбі, 4 сәуір күні көптеген қазақстандықтар 42 500 теңге алуына болатыны хабарланған SMS хабарлама алған болатын. Бұл хабарлама  eGov базасы арқылы проактивті жіберілгені айтылған еді. Алайда мұндай SMS бәріне келген жоқ.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлем туралы бұйрыққа өзгеріс енгізді.

    Тізімде кімдер жоқ

    Төтенше жағдай енгізілгенге дейінгі бір жылда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бірде-бір ай қатыспаған тұлғалар.

    Өтініш жазған күнге дейінгі 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бірде-бір ай қатыспаған бірыңғай жиынтық төлемді өтегендер.

    Төтенше жағдай енгізілгенге дейінгі соңғы бір жылда міндетті зейнетақы жарнасын төлемеген азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалар.

    Мүгедектер мен тұрмысы төмен тұрғындарға көрсетілетін көмек

    I, II, III топтағы мүгедектер, ерекше қажеттілігі бар балалар, мұндай балаларды күтіп отырған ата-аналар мен атаулы әлеуметтік төлем алушыларға төтенше жағдай кезінде әкімдіктер әлеуметтік көмек көрсетеді.

    Карантин кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті көмек ақшалай түрде жасалады.

    Алушының есепшотына 4 айлық есептік көрсеткіш — 10 604 теңге екі траншпен беріледі. Айдың басында 2 айлық есептік көрсеткіш және айдың ортасында 2 АЕК.

    Бұл туралы астанадағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жетекшісі Сәуле Нұрғожина.

    Әлеуметтік төлемді кімдер алады:

    • шағын, орта және микро бизнес субъектілерінің жұмысшылары;
    • жеке практикамен айналысатын адамдар;
    • бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер;
    • міндетті зейнетақы жарнасы аударылғандар;
    • қызмет көрсеткені үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатындар;
    • карантинге жабылған елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмысшылары;
    • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ресми тіркелмеген жұмысшылар.

    қатысты посттар

    Өндіріске жаңа технология енгізу — уақыт талабы!

    Сараптама қорытындысы Gelendwagen жүргізушісінің мас болғанын жоққа шығарып отыр ма?

    Елден заңсыз шығарылған 100 миллирад долларды 19 миллион халыққа бөліп беру керек — Олжас Сүлейменов

    Фариза

    4 комментария

    Ергуланова 11/05/2020 at 16:09

    Саламатсизба. Мен жалгызбасты анамын. Укиметен комек жок. 10 600т жалдамалы патерде турамын. Комек берунизди сураймын. 42500. Отказ келди. 3 балам бар. 4 ши не аягым ауыр. Отиниш сураймын. .берунизди сураймын.

    Жауап беру
    Ергуланова 11/05/2020 at 16:13

    Саламатсызба. Жалгызбасты анамын. 3 балам бар. 4 ши аягым ауыр. Жалдамалы квартира турамын. .Улкен кызым студент. Платныйда окыйды. Комек сураймын. Пасобия 10600 т жетпиди. Отиниш 42500@enbek.kz берунизди сураймын.

    Жауап беру
    Гулжакан 04/06/2020 at 02:10

    Менин 2балам бар улкеним 2жарым жаста кишкентайым 3айлык 18мын алам. Куйеуим 90мын алат 20мынын алументке толлеймин 30мын квартирама толеймин 10мын жумысына берет свет суыма толеймин 300мынын 40мын кридитим бар жетпейт жагдайым жок маган комек берулеринизди сураймын баспанам жок комек бермейт акимге барсан 42мын шыкпады атаулы комек бермеди бизге комек бермейт отиниш комек берулеринизди

    Жауап беру
    Гулжакан 04/06/2020 at 02:12

    Отиниш комек берулеринизди сураймын екинши турмысым киналып кеттим давлением бар ажырасайын десем еки балам бар акесинен айыргым келмейт акесисиз осиргим келмейт

    Жауап беру

    Пікір қалдыру

    one × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.