1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Дулат Ағаділдің Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қаза болуына байланысты жиналған белсенділерді полиция күшпен әкетті

    Қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің Нұр-Сұлтан қаласындағы тергеу изоляторында қайтыс болуына байланысты ішкі министрлігінің алдына жиналған елуге жуық белсендіні полиция күшпен тарата бастады. Оларды арнайы автобусқа отырғызуға кірісті. Олар Дулат Ағаділдің қазасы жайлы толық ақпарат беруді талап еткен болатын, деп хабарлай Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    Жиналғандар алдына бастапқыда Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің бастығы Нұржан Сәденов шығып, Дулат Ағаділдің қазасы жайлы қысқаша ақпарат берген. Ол осыған дейін таралған ресми ақпаратты растап, «тергеу изоляторында Дулат Ағаділ жанында төрт адам отырғанын, олардың Дулат Ағаділге күш көрсетілмегеніне куәлік бергенін, жүрек талмасынан қайтыс болғанын» айтқан.

    Шамамен бір сағаттан кейін полиция келіп, жиынды күшпен таратуға кірісті.

    Белсенділердің кейбірі Дулат Ағаділдің жүрек талмасынан қайтыс болғанына сенбейтінін білдірген еді.

    Белсенділер Дулат Ағаділді «әділетсіздікке, Қазақстандағы қазіргі саяси режимге қарсы шығып жүрген адам» деп сипаттады және «оның 2019 жылы көп балалы әйелдер жиынына барып көмектескенін» еске алған болатын. Белсенділерді әкеткеннен кейін ішкі істер министрлігінің алдында бір топ көп балалы әйелдер қалды. Оларды полиция бақылап тұр.

    Нұр-Сұлтан қаласының төңірегіндегі ауылдардың бірінде тұратын белсенді, алты баласы бар Дулат Ағаділдің тергеу изоляторында қайтыс болғаны туралы ақпарат бүгін шыққан.

    Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті «Тергеу изоляторының камерасында онан өзге төрт адам болды, олар Дулат Ағаділге күш қолданылмағаны жайлы куәлік берді. Медициналық куәлік оның қамауға алынған сәтте алкогольді ішімдік ішкенін, мас екенін көрсетті. Жедел жәрдем бригадасы келді. Қайтыс болуына «жүрек талмасы себеп болған». Денесінде қандай да бір жарақаттар жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, — деген ақпарат таратқан.

    Полиция департаменті баспасөз қызметінің жазуынша «биыл қаңтар айында Дулат Ағаділге айып тағылып, «ешқайда кетпеу» туралы шара қолданылған. Тергеуге келмегеніне байланысты сот шешімімен 24 ақпанда қамауға алынған».

    Дулат Ағаділ – әлеуметтік проблемалар және азаматтық құқықты сақтау мәселесін көтеріп жүрген белсенді. Биыл тамыз айынан бері бірнеше әкімшілік жазаға тартылып, кем дегенде 60 тәулік қамауда отырған.

    Ол 2019 жылдың 16 желтоқсанында рұқсат етілмеген акцияға қатысты деп айыпталып, 10 тәулікке қамалған еді. Қарашаның ортасында әкімшілік қамауда отырған Целиноград аудандық тергеу изоляторынан қашып шығып, ол әрекетін «заңсыз қудалауға қарсылығым» деп түсіндірген. Полиция екі күн бойы іздеген белсенді 15 қарашада өзі бас прокуратура алдына келген. Кейін ол «сот қаулысын орындамағаны үшін» тағы 6 тәулікке сотталған.

    қатысты посттар

    Назарбаев, Тоқаев, Путин және Медведев бейнеленген картина қаншаға сатылмақ?

    Фариза

    Дүңгендер қазақша үйренуі тиіс — Тоқаев Түймебаевқа тапсырма берді

    Фариза

    Қазақстанда 159 мың теңге жәрдемақыға үміткер бір ғана отбасы бар

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.