18 C
Алматы
Воскресенье, 22 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Коронавирус табылған кемеде қалған екі қазақстандық карантиннен шықты

    Коронавирус табылып, Жапония жағалауында карантинге тұрып қалған Diamond Princess кемесінде қалған екі қазақстандық карантиннен шықты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    Бұған дейін круиз лайнерінен екі қазақстандықтың шыққаны хабарланған еді.

    «Қазақстанның Жапониядағы елшілігінің дерегінше, бүгін (21 ақпан) Diamond Princess круиз лайнерінде болған тағы екі қазақстандық құрғаққа шықты. Олар қазір Токиодағы қонақүйлердің бірінде. Кемеде болған барлық азаматтарымыз коронавирус бойынша тестен өткен. Ешқайсысынан вирус табылмады» делінген СІМ хабарламасында.

    Министрліктің айтуынша, олар 22 ақпанда Қазақстанға оралады. Осыған дейін ведомство кемеде Қазақстанның төрт азаматы: 8 және 12 жастағы немерелерімен екі әйел бар деп мәлімдеген еді.

    21 ақпандағы мәліметке қарағанда, қазір Қытайда коронавирус жұқтырғандар 75 мыңнан, қаза болғандар 2200-ден асқан. Қытай билігінің дерегінше шамамен 18 мың адам коронавирустан айыққан. Орталық Азия елдерінде коронавирус жұқтырғандар жоқ.

    қатысты посттар

    Қарағанды облысында балаларды желкесінен ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды

    Фариза

    Қыздарды маркерке теңеген Жәлел өзінің дауға ұласқан дәрісіне түсініктеме берді

    Фариза

    «Денесінен белгісіз құрттар шығып жатыр»: Ақтаудағы шипажайда паразит жұқтырған отбасын дәрігерлер емдей алмауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.