Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатҚоғам

    «Зайсанға арнайы жасақ келді» Қордайдағы қақтығыс ШҚО-да да орын алуы мүмкін бе?

    Кешеден бері Зайсандағы 42 Қытай азаматына байланысты жергілікті тұрғындардың бас көтеруі болып жатыр. Әлем халқын дүрліктірген жұқпалы ауру коронавирустың тарап кетуіне алаңдаған халық биліктен бұл мәселені шешуді талап етуде. Ал бүгін Youtube әлеуметтік желісінде Зайсан ауданының әуежайына ұшақпен арнайы жасақ алып келгендігі туралы видео тарады. Видеодан 2 әскери көлікті көруге болады. Сондай-ақ, әскери киім киген адамдар мен арнайы жәшіктерді тасып жатқандығын анық байқай аламыз. Билік өкілдерінің Қордайдағы оқиғаның қайталануының алдын алу шаралары ма, немесе қандай жағдаймен арнайы жасақтың келгендігі әзірше белгісіз.

    https://www.youtube.com/watch?v=T7NYBPEFKq0

    Естеріңізге сала кетсек, Зайсан халқы 19 ақпаннан бері Қытай Халық Республикасынан келген адамдарды 14 күн бойы өңірлік провизорлық стационарда оқшаулау шарасына наразылық білдіріп, бас көтерді.

    қатысты посттар

    Өндірісті автоматтандыру жалғасуда

    «Қазақ ешқашан сексенге келген ақсақалына «Шал, кет!» деп айқайлаған емес!» — Балғынбек Имаш

    «Құдайға да күпірлік айтып жібересің» Той мен қазаны ажырата аламыз ба?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.