20 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазақ дәрігері Ухандағы крорнавирусқа шалдыққан науқастарға қара жорға биін билеп берді (видео)

    Айтуынша, ақ халаттылар аурудан қажып, ұнжырғасы түскен пациенттердің көңіл-күйін көтермек болған.

    Қазақ дәрігер Бахаргүл Бүдәш Ухань ауруханасында би билеп, коронавирустан емделіп жатқан науқастарға мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Видеоны қазақ дәрігерінің досы және әріптесі жолдады. Айтуынша, көңілді видео коронавирус індеті тараған Ухань қаласының Фан Цан ауруханасында түсірілген. Аурухана дәлізінің қақ ортасында «Қара жорға» биін билеген дәрігердің есімі – Бахаргүл Бүдәш. 35 жастағы қандасымыз сегіз жылдан астам хирург болып жұмыс істейді.

    «Өте мықты дәрігер-хирург. Қытай әр аймақтан білікті дәрігерлерді жинап, Уханьдағы ауруханаларға жіберген. Арасында осы кісі де бар», – дейді видеоны жолдаған досы.

    Айтуынша, ақ халаттылар аурудан қажып, ұнжырғасы түскен пациенттердің көңіл-күйін көтермек болған. Осылайша, әр ұлттың ән-биін қойып, шағын концерт ұйымдастырған. Он шақты ұлт өкілі би билепті. Қазақтың атынан Бахаргүл Бүдәш шығып, «Қара жорға» билеген.

    қатысты посттар

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы бойынша төтенше жағдай енгізді

    “14 мың теңге жібер де, 114 мыңды ұтып ал” “Черная касса” ойнағандар 4,5 млн теңгеге дейін қарызға кіріп кеткен

    Фариза

    Қазақстанда 1 сәуірден бастап тегін медициналық көмек тоқтатылмақ

    Пікір қалдыру

    5 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.