-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШҚО, Ұлан ауданында туризм өркендеп келеді

    Өткен жылы Ұлан ауданындағы туризм кешендеріне
    32,0 мың адам келіп, демалып қайтты. Одан 192,5 млн. теңге көлемінде табыс түсті. Ал осы көрсеткіш биыл 30 пайызға артты. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.
    Ауданда 18 туристік нысан жұмыс істейді. Бүгінде ауданда жаңа демалыс базалары салынуда. Мәселен, Сібе көлдері топтамасының 4-ші көлі – Қоржынкөлде «Жібек жолы» мейрамхана-кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 2,0 млрд. теңге, оның 200,0 млн. теңгесі игерілді. Бүгінгі күні 50 орындық қонақ үй, 90 орындық асхана, жаздық және қыстық үлгідегі күркелер, судағы демалыс күркелері, екі таудың ортасына арқанжол орнатылды. Сонымен қатар 120 орындық кафе құрылысы жүргізілуде.
    – «Елдос» шаруа қожалығының бастамасымен «Аблакетка» су қоймасында спорттық-әуесқойлық балық аулау клубы ашылады. Сондай-ақ, Садыркөлде 100 орындық демалыс орны салынады жоспарлануда. Бұл жобаның жалпы құны 40,0 млн. теңгені құрайды, — деді Нұрымбет Сақтағанов.
    Инфрақұрылымға келсек. Алдағы уақытта Шыбындыкөл мен Дулығалы көлдеріне баратын жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы мақсатта облыстық бюджеттен қаражат қарастырылған. Бұдан бөлек Аюдыға Манат арқылы баратын жол жөнделеді.

    қатысты посттар

    Таразда Ж. Үшкемпіровке арналған республикалық ашық турнир басталды

    Фариза

    Жамбыл облысында жолдауда жүктелген міндеттерді орындаға жоспар айқын

    Таразда «Түркі әлемі туризмінің халықаралық туризмі» атты мәдени іс-шара өтті

    Пікір қалдыру

    twenty + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.