1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам Саясат

    «Қоғамның дені сау емес… Есі дұрыс адам солай жасай ма?» — депутат

    ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қолдайтынын жеткізіп, ұрлық мәселесіне қатысты пікір білдірді деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі baq.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    «Қоғамның денсаулығы дұрыс еместей көрінеді. Есі дұрыс адам нәрестеге зорлық жасай ма, есі дұрыс адам осы қоғамда қалай мектептің ауласына кіріп кетеді? Осы жағдайлардан біздің салғырттығымыз, қоғамның салғырттығы көрінеді. Осыған байланысты құқық қорғау органдарының құқықтарын күшейтіп, оларға мүмкіндіктер беріп отырмыз. Екінші жағынан құқық қорғау органдарының жауапкершілігін күшейту керек», — деді депутат.

    Сұлтанов ұрлық қылмыстарының ашылмауына құқық қорғау органдарының да әсері барын айта кетті.

    «Қоғамның дені сау болмаған соң ұрлық жасайды. Неге балаларымыз ұрлыққа бейімделеді? Содан барып үйір-үйір жылқы ұрлауға дейін өседі. Мұны құқық қорғау органдарының басшылары өздері айтып отыр, біледі. Наркотұрақ қайда екенін біледі, малды ұрлап, оны Қостанайдан Қырғызстанға, Қырғызстаннан Қостанайға айдайтын жолдардың бәрін біледі. Неге жабылмайды осының бәрі? Осыған деген көзқарасты өзгертіп, заңның жұмыс істеуін қамтамасыз етуіміз керек. Жалпы, сауатты және өркениет талаптарына сай заңдарымыз бар, бірақ, орындауға келген кезде тыпырлаймыз да қаламыз. Соңында Парламент кінәлі болып шығады», — деді ол.

    Парламент Мәжілісінің депутаты ұрлық мәселесіне жалпы қоғам жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін айтты.

    «Бүкіл қоғам осыған қарсы өре түрегелмесек, ұрлықты тоқтата алмаймыз. Мал ұрлады ма, үйрек ұрлады ма, қаз ұрлады ма, ұрлық деген өте жаман мінездеме. Қоғамның ауруы, дерті деген сөз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері «заңның мынадай бабы бар, осыдан сақ болыңдар» деп теледидардан күнде сөйлесін. «Ұрлыққа бармаңдар, 20 жыл тұтқында отырасыңдар» деп алдын ала ескертейік. Қоғамның құлағына кіргізу мәселелерін қолға алуымыз керек», — деді депутат.

    Сұлтанов бұрындары кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссиялар болғанын, осы жұмыстарды да қайта жаңарту қажет екенін айтты.

    Сурет: Abai.kz

    қатысты посттар

    Қазақстандықтарды қос алаяқ 17 млн теңгеге алдап кетті

    Фариза

    Сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялап жатыр (видеотрансляция)

    Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды

    Пікір қалдыру

    twelve − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.