16 C
Алматы
Жексенбі, 19 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Аружан Саин: Шенеуніктің баласы әкесінің әрекеті үшін ұялатынын айтты

    Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде осы санаттағы қылмыстың алдын алу мәселесі кеңінен талқыланды.

    Ал Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин әкесінің әрекеті үшін ұялған баланың қайырымдылыққа қалай бет бұрғанын айтып берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    “Қайрымдылық саласында көп адаммен кездесіп тұрамын. Біреулер көмек сұрайды, енді біреулер, керісінше, көмек жасағысы келеді. Осыдан үш жылдай бұрын бізге бір жас жігіт келген. Өзі Еуропада оқыған, жағдайы бар. Сөйтіп, жолдастарымен бірге оқуды бітіріп, қайырымдылықпен айналысуға шешім қабылдаған”, – дейді Саин. 

    Оның айтуынша, жас жігіттермен таныса келе, ашық әңгіме болған. Мамандар олардан қайырымдылықпен айналысуының себебін сұрапты. Өйткені осы жұмыспен шын көңілмен айналысса ғана пайдасы көп болады. Балалар шетелде оқығанда еріктілердің құрамында болғанын, жалпы, қайрымдылық мәдениетінің қаншалықты дамығанын көргенін жеткізеді. Соны өз елімізіде жалғастыруға ниеттіміз деген. Ал жаңағы жігіт өз ойын ашық айтқан екен.

    “Сол кезде өте әсерлі әрі көңілді жібітетін сәт болды. Жас жігіт қатты ұялатынын айтты. Әкесі орташа деңгейдегі шенеунік екен. Еуропада оқығанда көп нәрсені түсінгенін жеткізді. “Мен әкемнің жалақыға оқуымды төлей алмайтынын білемін. Иә, ол мен үшін ең жақын адам, бәрін менің болашағым үшін жасады. Бірақ жаман нәрсе жасады. Қызмет бабын пайдалану мен жемқорлық жасау дұрыс емес. Сол үшін ұяламын. Халықтың алдында адал, адамдардың көзіне тік қарағым келеді” деді. Негізі, біздің балаларымыз көп нәрсені түсінеді, іштей сезеді. Сондықтан бір нәрсені жасағанда олардың болашағын да ойлау керек”, – деп атап көрсетті Саин.

    қатысты посттар

    “Президенттің ашуын келтірді “: Көшербаев Әбдірахымовтың қызметінен не үшін алынғанын айтты

    Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

    Фариза

    Атамбаевты қарулы күштер қалай қолға түсірді? (видео)

    Пікір қалдыру

    14 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.