1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Политика

    «Қытайды ыдыратқысы келгендердің денесі мыжылып, сүйегі талқандалады» — Президент

    Қытай президенті Си Цзиньпин Қытайды ыдыратуға талпынғандардың «денесі мыжылып, сүйегі талқандалады» деп мәлімдеді. Бұл туралы AFP жаңалықтар агенттігі хабарлады. Гонконгте төрт айдан бері халық наразылығы басылмай тұр. Б9л жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Centralasian.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Си Цзиньпин өткен демалыс күндері Непалға сапары барысында осындай мәлімдеме жасады. Жексенбі күні Гонконгте шерушілер мен полиция қақтығысып қалған. Оның үстіне, Қытай өз аумағы деп қарастыратын Тайваньда да жағдай шиеленісе бастаған. Бұның алдында Қытай Гонконгтегі баскөтерулерге «сыртқы күштер» дем берді деп мәлімдеген.

    AFP мақаласында «шиеленіс ошағының» бірі ретінде Шыңжаң өңірі аталды. Мұнда ислам дінін ұстанатын түркі тілдес халықтарды «саяси тәрбиелеу лагерьлерінде» ұстап отыр.

    Батыс елдері мен адам құқықтарын қорғаушылар Қытайды Тибет пен Шыңжаңда аз ұлттарға қысым жасады деп айыптады.

    2018 жылы БҰҰ «экстремизммен күрес орталықтарында» Шыңжаңның тұрақты түркі тілдес миллионға жуық тұрғыны отыр.

    20 мыңға жуық тибеттік Непалға қашып барған, дегенмен қазіргі коммунистік билік Бейжіңнің қысымымен оларды қатаң тәртіпте ұстап отыр деп жазды AFP.

    Гонконгтегі наразылық төрт айдан бері жалғасып келеді. Наразы топ әуелі күдіктілерді Қытайға экстрадициялауға жол беретін заңға қарсы шыққан. Енді олардың талаптары да көбейе түсті. Қазір наразы халық қаланың автономиясы мен гонконг басшылығының биліктен кетуін талап етіп отыр.

    Похожие записи

    Пенсию за апрель казахстанцы получат в мае с учётом надбавки 10%», – Министерстве труда и социальной защиты населения РК

    Фариза

    Ерулан Жамаубаев назначен министром финансов Казахстана

    Телеуроки начались для школьников в Казахстане

    Фариза

    Оставить комментарий

    2 × один =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.