-3.1 C
Алматы
Среда, 18 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    Жеңілмеген қазақ боксшысы екі чемпиондық белбеуді ұтып алды

    Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізді.

    Ол Монреалда (Канада) мексикалық Мигель Васкеспен (41-8, 15 КО) жұдырықтасты, деп хабарлады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

    Жекпе-жекте екі чемпиондық белбеу – бос тұрған WBA Continental және IBF Inter-Continental бәске тігілді.

    Жүкембаев төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетіп, екі белбеуді де иеленді. Жеңілмеген қазақстандық боксшының жекпе-жегін төменде көруге болады.

    Батыр Жүкембаев үшін бұл кәсіби карьерасындағы он жетінші жеңіс болды, ал Мигель Васкес тоғызыншы рет жеңіліске ұшырады. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы үшін бұл үшінші титулдық жекпе-жек екенін айта кету керек.

    қатысты посттар

    Алматыда NFC 34 турнирі өтеді

    Фариза

    «300 миллион еуро кімге бұйырмақ?» Криштиану Роналду мұралық құжат толтырды

    Фариза

    Ата-заң күніне арналған жеңіл атлетика жарысы (фото)

    Пікір қалдыру

    6 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.