14 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    “Канело” мен Сергей Ковалев жекпе-жек алдындағы алғашқы кездесулерін өткізді

    Жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сергей Ковалев пен орта салмақта WBC және WBA чемпионы Сауль Альварес жекпе-жек алдында көз арбасты, – деп хабарлайды Allboxing.

    Көз арбасу рәсімі Лос-Анджелестегі баспасөз мәслихаты кезінде болды. Титул үшін жартылай ауыр салмаққа көтерілейін деп отырған 29 жастағы “Канело” бұл карьерасындағы ең ауыр жекпе-жек болатынын айтты. “Қазір біз тарихқа енуге дайынбыз. Қолымнан не келетінін рингте көрсетемін”, – деді Альварес.

    Ал 36 жастағы Ковалев қарсыласын қазіргі уақытта бокс әлеміндегі үздіктердің бірі деп бағалады. “Бұл карьерамдағы үлкен сынақ деп ойлаймын. Жекпе-жекті қуана әрі тағатсыздана күтіп жүрмін. Қолдауларыңызға рақмет”, – деді ресейлік боксшы.

    Ковалев – Альварес жекпе-жегі 2 қарашада Лас-Вегастағы MGM Grand Arena-да өтеді. Боксшылар Ковалевке тиесілі WBO титулын сарапқа салады. “Канело” жеңсе, карьерасындағы төртінші салмақты бағындырады.

    қатысты посттар

    Допингпен тағы да Қазақстанның жеңімпаз спортшылары ұсталды

    Фариза

    “Менде 10 бала болса деп мақсат еттім…” – Атақты спорт шебері тоқалы жайында сөз қозғады

    “Астана” Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды

    Пікір қалдыру

    five + six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.