8 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Эмоцияға беріліп, ойын дұрыс жеткізбеген Божкоға қатысты Бекболат Тілеухан пікір айтты

    Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан төменгі палата төрағасының орынбасары Владимир Божконың атышулы сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

    Жуырда Владимир Божко “халық әлеуметтік көмекті көбейткені үшін мемлекет алдында тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек” деген болатын. Мәжіліс вице-спикерінің бұл сөзі желіде қызу талқыланып, қазақстандықтардың ашуын туғызды.

    “Халықты тізерлету деген адамның ақылына сыятын нәрсе емес”, – деп қысқа қайырды Тілеухан ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысынан кейін.

    Ал үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың ойынша, Божко бұл сөзді “байқамай айтып қалған”.

    Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев та “Открытый диалог” бағдарламасында бұған түсініктеме берген еді.

    Министрдің пікірінше, Владимир Божко эмоцияға беріліп, ойын дұрыс жеткізе алмаған. Абаев оны қазақ жерінің нағыз патриоты деп атады.

    қатысты посттар

    Біз қабылданған шаралардың арқасында пандемияның таралуына тойтарыс береміз деп сенеміз – Мәулен Әшімбаев

    Фариза

    Абаев: Митинг өтетін жерді мәслихат анықтап береді

    Фариза

    Экс-әкім Болат Бақауовқа байланысты сот үкімін өзгертті. Ол үй қамауына алынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.