Вторник, 8 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Шынжырмен байлап ұстаған» Тұрғындарды құлдықта ұстаған адам жантүршігерлік әрекеттер жасаған (видео)

    Қостанай облысында сұмдық оқиға. Құлдықта болған ер адамның шынжырмен байланып, кейін қаза тапқаны белгілі болды. Ол кір қолымен табадан тамақ жегені үшін өлтірілген көрінеді. «Дамыту» қоғамдық қорының төрайымы Нина Косюк осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Оқиға осыдан 3 жыл бұрын Меңдіқара ауданындағы жол бойындағы кафеде болған. Бірақ жақында ғана көршілікке жария болған. Кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қазір сотта қаралып жатыр. Кафе қожайыны бұдан да өзге ер адамдарды жұмысқа жегіп, қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген көрінеді. 

    Нина КОСЮК, «ДАМЫТУ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Қыздарды қызмет көрсетуге мәжбүрлеп, тегін жұмыс істеткен. Солардың атына несие рәсімделген. Сұмдық жайттар болған. Әлгі кісі Меңдіқара ауданынының көптеген тұрғындарын құлдықта ұстаған. Олардың көбісі құлдықта болғанын жасырады немесе жария етуге қорқады.

    қатысты посттар

    Шымкент тұрғыны 6 қызғалдақты жұлғаны үшін 9 миллион теңге төлеуі мүмкін

    Фариза

    3 жасар қызды анасы қарызының орнына тастап кеткен (видео)

    Фариза

    Мамай оның жақтаушысын оған қарсы айғақ алу үшін азаптаған жерде жатыр – Инга Иманбай

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.