15 C
Алматы
Суббота, 4 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Оралда экскаватор жүргізушісі әріптесін тірідей жерге көміп кеткен

    Қайғылы жағдай Оралдағы Құс фабрикасы ауданындағы саяжайда орын алған. Экскаватор жүргізушісі қазу кезінде жұмысшының біреуін кездейсоқ жер астына көміп кеткен. Жұмысшының мүрдесі шұңқырдан тек екі күннен кейін туыстарының іздестіруінен соң ғана табылған деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі «Уральская неделя» порталына сілтеме жасап. 

    6 маусым күні 65 жастағы тұрғынды жұмыстан кейін үйіне оралмаған соң, туыстары оны іздей бастаған. Сол күні ол шұңқыр қазуға экскаватор жүргізушісіне көмектесуге кеткен екен.

    Қайтыс болған жұмысшының әйелі күйеуінің ешқашан да алкагольді ішімдікке әуестенбегенін айтады.

    Жұмысшыны полиция қызметкерлері екі күн іздеп таппағаннан кейін, шұңқырды қайта қазуға мәжбүр болған. Нәтижесінде, жұмысшының өлі денесін тауыпты.

    «Экскаватор жүргізушісі 1995 жылғы, әрі оның бұл салада тәжірибесі болмаған. Сондай-ақ ол жұмыс істегенде барынша музыканың дауысын шығарып қоятын. Мүмкін, соның да әсерінен айқайлаған жұмысшының дауысын естімей қалған шығар», — дейді жергілікті тұрғын Роллан Өтеғалиев.

    Қазіргі таңда аталған жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Абайсызда өлімге әкеп соқтыру» бабы бойынша іс қозғалды. 

    Жергілікті тұрғындар болса қазу кезінде көз жұмған жұмысшының өліміне саяжай төрағасын кінәләп, жауаптыларды жазаға тартуын сұрауда. 

    қатысты посттар

    Ғалымдар екпені қайталап салғанның пайдасыз екенін айтты

    Фариза

    «Жаратқанның ісіне араласу күпірлік болар» Нұрлан Ноғаев қуаңшылық келесі жылы да жалғасуы мүмкін екендігін айтты

    Фариза

    Hayat-Vax вакцинасын алғандар екі жылға дейін жүктілікті жоспарламауы тиіс

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.