22 C
Алматы
Жексенбі, 19 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Көшеде әйелді қатыгездікпен ұрып-соққан ер адам жұртты шошытты

    Ер адамның көшеде әйелге шабуылдап, аяусыз ұрып-соққан видеосы қазақстандықтарды шошытқан еді. Белгілі болғандай, оқиға Қытайда орын алған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

    Желіде ер адамның әйелді қатігездікпен соққының астына алған видеосы тараған еді. Өз кезегінде полиция оқиғаның Қазақстанда болмағанын мәлімдеді.

    Анықталғандай, оқиға Қытайдың Далянь қаласында 22 маусымда орын алған.  
    Ер адамның көшеде кетіп бара жатқан әйелге тосыннан шабуылдап, бетінен, денесінен ұрған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Артынша ер адам оны әрі қарай сүйреп әкетті. 

    South China Morning Post басылымының мәліметінше, полиция қылмыскерді ұстау үшін желі қолданушыларынан көмек сұраған. Белгілі болғандай, ер адам сүйіктісімен ұрысып қалғандықтан, көшеде кетіп бара жатқан әйелді ұрып-соғыпты. 

    Оқиға салдарынан зардап шеккен 29 жастағы әйел сол күні түнгі 1-дің шамасында үйіне қайтып келе жатқан. Ол оқиғадан кейін ауруханаға түсті. 

    Артынша 31 жастағы күдікті тұтқындалды. 

    қатысты посттар

    Қызылордада шағын кәсіпкерлік нысандарының саны артты

    Фариза

    Министрліктің шындығы пен өтірігі

    Фариза

    Жаңақорған ауданында дәріханаларға мониторинг жұмысы жүргізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.