22.1 C
Алматы
Воскресенье, 8 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қарағанды кеншілері де ереуілге шықты

    Бүгін «Шұбаркөл көмір» АҚ көмір өндіруші компаниясының 200-ге жуық кеншісі жұмысқа шығудан бас тартты. Олар бірнеше басшыны жұмыстан шығарып, еңбек шарттарын өзгертуді талап еткен. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтының дерегіне сүйеніп xабарлайды.

    Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына компания президенті Андрей Сафонов келді.

    «Кеншілердің пікірінше, кейбір цех басшылары лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған», — деп мәлімдеді «Шұбаркөл көмір» баспасөз қызметінен.

    Компания басшысы Андрей Сафонов жиналғандардың арыз-шағымын тыңдап, ұжымның талаптарын қанағаттандыру үшін шешім қабылдады.

    «Кейбір басшылар қызметінен шеттетілді», – деп атап өтті баспасөз қызметі.

    Қалған мәселелерді шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған.

    Қазір «Шұбаркөл көмір» бөлімшелері мен тау-кен цехтарының барлық қызметкері жұмыс орындарына қайтып оралды.

    қатысты посттар

    Бесінші сыныптың оқушылары сыныптасын ұрып өлтірді

    Фариза

    Көлікте бала отырғанда темекі тартқандар қомақты айыппұл төлейді

    Фариза

    «Қайтып келу үшін қол жинап жатыр»: Меркі ауруханасында тағы да дау шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.