1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам Оқиға Саясат

    Заңсыз митингке шыққандарға заңды шаралар қолданылмақ

    Бас прокуратура елімізде заңсыз жария акцияларға жол берілмейтіндігі туралы бірнеше рет ескерткен болатын, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

    Жекелеген адамдар заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлерін арандатып, оларға шабуыл жасады. Жүргіншілердің, әйелдер мен балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.

    Осыған байланысты, құқық қорғау органдары қоғамдық тыныштықты сақтауға және азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылдады. Бұл ретте арнайы құралдар қолданылған жоқ.

    Құқық бұзушылар полицияға жеткізіліп, сот тәртібінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

    Заңсыз акцияларға және тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабына, Қылмыстық кодексінің 400 және 405-баптарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз. 

    Құқық қорғау органдары бұдан әрі де осындай бұзушылықтарға жол бермейтін және оларды болдырмау үшін заңмен көзделген шараларды қабылдайтын болады.

    қатысты посттар

    Ақтауда СОБР халық жағына өтіп кетті

    Фариза

    «Есікті аш деп шырылдадық» Шамалған станциясында болған апаттың қалай болғанын жолаушылардың бірі айтып берді

    Фариза

    Тоқаев мораторий күшін жойса да жер шетелдіктерге сатылмайтынын айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.