-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Мүфтият оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді (видео)

    Рамазанда ораза ұстау мұсылманға парыз. Араб тіліндегі «саум» (ораза) сөзі «адамның өзін тізгіндей білуі және жол бермеу» деген мағынаны білдіреді. Оразаның терминдік мағынасы – ниет ете отырып, таңның атысынан күннің батысына дейін ішіп-жеуден және басқа да нәпсі қалауынан тыйылу.

    Рамазан айында Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылып, тозақ есіктері жабылып, жын-шайтандар шынжырланады және осы айда тілектер қабыл болады.

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына оразаға қатысты көптеген сауал түседі. Ауыз бекітуге ниет еткендерді негізінен мынадай сұрақтар мазалайды екен:

    • Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
    • Сәресі уақытын күн шығысымен тоқтату керек пе?
    • Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма?
    • Ескі оразадан қарызы бар адам не істеуі керек?
    • Тарауих намазын тек ораза ұстағандар ғана оқи ма?
    • Сілекей жұтса, ораза бұзыла ма?
    • Ораза ұстаған адамға төсек қатынасына түсуге бола ма?
    • Ұшақтағы адам ауызашар уақытын қалай анықтайды?

    Жиі қойылатын сауалдарға ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі сараптама секторының меңгерушісі Медет Құрмашұлы жауап берді. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

    қатысты посттар

    «Зейнетақы мөлшері міндетті түрде өседі» Министр 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері қанша пайызға өсетінін айтты

    Фариза

    Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті

    Фариза

    Үйінің ауласында келін түсіріп, беташар тойын өткізген Арыс тұрғыны жазаланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.