10 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Айгүл Орынбек Шымкент әкімі берген алғыс хатты қоқысқа лақтырып тастады

    Қоғам істеріне белсене араласып, халықтың үнін билікке жеткізіп жүрген заңгер Айгүл Орынбек алғыс хатпен марапатталды. Алайда ол Шымкент әкімі Мұрат Әйтімовтің атынан жазылған алғыс хаттан бас тартып, қоқысқа тастай салды. Оның себебін өзі былай түсіндіреді:

    “Ақпарат майданында халықтың үнін жеткізу үшін, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосуға барынша жүгіріп жүремін! Ешкімге міндетсінбегем жасаған істерім үшін, ешкімнен әрбір ісіме өтемақы немесе алғыс сұрамағам!

    Ең бастысы елімінің тыныштығы, халқымның амандығы деген ұранмен жүрдім!

    Халық пен билік арасындағы алтын көпір болып, азаматтық көзі ашық қоғам құру ниетім еді!

    Ниетімнің, болашаққа деген үмітімнің күл талқанын шығардыңдар!

    Тек мерекеде алғыс айтып, қалған уақытта адамға қоқыс ретінде қарап, шырылдатып үніңді тыңдамай жатқан әкімдіктен не үшін алғыс алуым керек”, – деп жазды ол парақшасында.

    Айтуынша, әдетте шырылдаған даусын естімейтін мылқау басшылардан ешқандай мадақ қажет емес.

    “Қоғамға үлесіңізді қосып жатқаныңызды білеміз”- деп жазыпты, көрдім көріп отырғандарыңызды, іспен дәлелдедіңіздер!

    “Дамыған мемлекетпіз, біз де бәрі керемет, біз біргеміз”- деп өтірік ұрандаудың керегі не, адам өмірін сақтап қалуға қолдан келгенін жасай алмай жатқан да?

    Халық ештеңеге кінәлі емес!

    Мемлекет әрбір ауырған азаматының жағдайын жасауға міндетті!

    Халықты қоқысқа лақтырғандай лақтырып тастап жатқан кезеңде, сіздердің алғыс хаттарыңыздың да орны қоқыста!

    Қаржылай сыйлықтарыңа рахмет, ауруханаға қосқан үлесім болсын!

    Бейшара елдің ауруханаларына дәрі-дәрмек алыңдар!

    Маған қарапайым халықтың алғысы жетеді!”, – деп жазды.

    Айта кетейік, Шымкент әкімі қоғам белсендісіне алғыс хатты журналистер күніне орай халықтың жаршысына

    Дереккөз: Stan.kz

    қатысты посттар

    Министр: “Өз ойым” бағдарламасын жаба алмаймыз…

    Шымкентте қоқыс жәшігінен сәбидің денесі табылды

    Фариза

    Өте ауыр дертке шалдыққан 4 жасар бүлдіршін: Маған Құдайым көмектеседі…

    Пікір қалдыру

    20 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.