Желіде тараған ақпаратта осындай қатыгездікке барған жүргізушінің ішімдікке сылқия тойып алғаны жазылған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.
Видеодан жерде тыпыршып жатқан жануарды азаматтың жол талғамайтын көлікпен аяусыз таптап жатқаны көрінеді. Ал көліктің астында қалған аттың жан дауысы шығып жатыр.
Сол жерде жүрген бірнеше адам қатыгез жүргізушіге тосқауыл бола алмады. Жігіттер оған тоқтау айтудың орнына оқиғаны телефон камерасына түсіріп, қарап тұрады.
Мына жігіт кеше біздің жылқымызды басқан. Кеше полициялар алып кеткен. Бүгін шығып отыр. Бұл не масқара? — дейді видео авторы.
Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!
Ал бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының ашуына тиді.
«Видеоға түсіріп тұрмай, тоқтатпайсыңдар ма?»,»Жануар қиналды-ау. Мынаны соттау керек»,»Қандай қатыгез адам мынау?»,- деп жазды пікір білдірушілер.