24 C
Алматы
Суббота, 26 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Туризм

    Алакөлге жазғы пойыздар қатынай бастайды

    Жазда Алакөл көлі бағытында пойыздар іске қосылады.
     
    «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алакөл көлі бағытында биыл жазда екі жолаушылар пойызы қатынайтынын хабарлайды», — деді «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі.
     
    Алакөлге мынадай бағыттар бойынша жетуге болады:
     
    №221/222 Алматы — 2-Достық (коммерциялық) пойызы аптасына 3 рет Алматы-2 вокзалынан 2022 жылдың 15 маусымынан 31 тамызына дейін сәрсенбі, жұма, дүйсенбі күндері қатынайды; Достықтан пойыз 2022 жылдың 16 маусымынан 1 қыркүйегіне дейін бейсенбі, сенбі және сейсенбі күндері жүреді;
     
    Нұр-Сұлтан — 1-Достық бағытындағы №258/257 пойызы Нұр-Сұлтан–1 вокзалынан аптасына 2 рет 2022 жылдың 16 маусымынан 28 тамызға дейін бейсенбі және жексенбі күндері; Достықтан — 2022 жылдың 17 маусымынан 29 тамызға дейін жұма және дүйсенбі күндері қатынайды.
    Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы онлайн-билет рәсімдеуді ұсынады. «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасын да пайдалануға болады. Егер билеттер болмаса, «күту парағы» функциясын таңдау керек.

    Дереккөз: Sputnik.kz

    қатысты посттар

    2022 жылы қазақстандықтарға қандай жаңа рейстер қолжетімді болады

    Фариза

    Тараздың тариxи орындарына саяxат жасауға жаңа мүмкіндік туды

    Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.