Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Шымкентте намаз кезінде жасалған ұрлық камераға түсіп қалған

    Шымкентте ер адам жұма намазы кезінде мешітте ұрлық жасаған. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Еңбекші ауданының полициясына жергілікті тұрғын хабарласып, жұма намазы кезінде мешіттен электр тогына қосылған смартфоны ұрланып кеткенін айтқан.

    Полицейлер бейнебақылау камераларын тексеріп, күдіктіні тапты. Кадрлардан ер адам қатарға тұрып, басқалармен бірге намаз оқи бастағаны көрінеді. Ары қарай намаз кезінде ұрлық жасап, мешіттен кетіп қалған.

    Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Ол 30 жастағы Шымкент тұрғыны болып шықты. Бұл дерекке қатысты «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    қатысты посттар

    Саунадағы атышулы видеодағы сот пен прокурор қатысты комиссия қорытындысы жарияланды

    Фариза

    Семейде түрме басшысы ішімдікке тойып алып, қамаудағы 12 адамды сабап тастаған

    Фариза

    Артымнан мені бір жыл тексерді. Арыстанбек Мұхамедиұлы сұқбат берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.