-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Депутат Қайрат Құдабергенді ҰҚК мен прокуратура тергеуге шақырды

    Депутат Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыс әлемінің серкесі Дикий Арманның жанында бірге жүрген.

    Қоғам белсендісі, кәсіпкер, депутат Қайрат Құдабергенді ҰҚК мен прокуратура тергеуге шақырды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook-тегі парақшасында депутатты Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура тергеуге шақырғанын жазды. Әрі Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде белгілі кәсіпкер қылмыс әлемінде «Дикий» Арман атымен таныс Арман Жұмагелдиевтің жанында бірге жүргенін де айта кеткен.

    Дубайда кіммен кездескенін де тергеп тексеріңіздер. «Дикий» Арман да, Алматыдағы төңкеріске сол жақтан ұшып келген. Дирижерлары Дубайда отыруы әбден мүмкін. Айтпақшы, бұның да үстінде қызыл куртка болған сол күні, — деп жазды Айгүл Орынбек.

    Тергеуге шақырту алғанын депутат Қайрат Құдайберген де растап отыр. Ол өзінің Іnstagram-дағы парақшасында «Жандарбек Бекшинше айтқанда, наконец-то мені тергеу шақырды» деп жазған.

    «Жалпы, мен қаңтар айының 4-і күні Дубайға демалысқа барамын деп жоспарлағанмын. Бірақ, елдегі жағдайға байланысты бұл саяхат кейінге қалды. Әрине, қаңтар оқиғасынан бұрын шетелге шыққандарды да, дәл сол жаппай тәртіпсіздік кезінде елден қашқандарды да түсінемін. Араға бір ай салып, жағдай тұрақталғаннан кейін, ақпанның 6-нан бастап жоспарлы демалысым басталды. Бірақ 5-ші ақпан ҰҚК, 7-ші ақпанда прокуратурадан хабарласты. Мені куәгер ретінде тергеуге Нұр-Сұлтанға шақырып жатыр. Мен Алматыда тұрамын, ал тергеуге елордаға шақырғандары қызық болды. Құдды бір тура тергеу алдында қашып кеткендей болып жүрмін. Алдағы күндері міндетті түрде сұраққа жауап беріп, өздеріңізге тергеу туралы айтып отырамын», — деп жазды Қайрат Құдайберген.

    қатысты посттар

    Алматы облысында ауыз судан құрт табылды

    Фариза

    Алматыда дабыл белгісі іске қосылады

    Фариза

    Парақорлық бойынша сотталғандарды жұмысқа алушылар да жазаланатын болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.