-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Өгей әкесі үш жыл бойы азғырып келген 12 жасар қыз өзіне қол жұмсамақ болды

    Талдықорғанда 12 жасар қыз өзіне қол жұмсамақ ниеті барын мәлімдеді. Оны өгей әкесі үш жыл бойы азғырып келгені белгілі болды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Дүйсетаевтың айтуынша, цифрландыру маңызы әсіресе карантин және шектеу шаралары енгізілген кезеңде артты. Сонымен қатар, оларды пайдалануға қатысты қылмыстар саны да артқан.

    «Балалар мен кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстарды анықтауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мен бірнеше мысал келтірейін. Қарашада, осыдан бір ай бұрын талдықорғандық 12 жасар қызды анықтадық. Ол өгей әкесі тиісетінін жазған. Сейсенбіде ақпарат келді, сенбіде ол өзін өлтіремін деп қорқытты. Жұмыс барысында өгей қызын үш жыл бойы азғырып келген өгей әкені ұстадық», — деді ол.

    Тағы бір оқиға биыл ақпанда болған. Telegram қолданушысы 2007 жылы туған кішкентай баламен интимдік тақырыпта хат жазысқан. Алматы қаласының порнографиялық суреттер мен видеолар жіберген 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Қылмыстық іс сотқа жолданған.

    «Біздің міндеттеріміздің бірі – ақпараттық кеңістікті бақылау. Жарияланған заңсыз әрекеттер, балаларға зорлық-зомбылық көрсету, суицидтік ойындар, құқық бұзу мен қатыгездікке шақыру, жалған ақпарат тарату туралы ақпаратты анықтау және тексеру үшін Интернетте тұрақты түрде талдау жүргіземіз. Жыл басынан бері порнография, есірткі қылмыстары, онлайн казинолар қызметі, қаржы пирамидалары, басқа да алаяқтық схемалар, қатыгездік немесе суицид культін насихаттау, қару сату және т.б. қоса алғанда 7300 шетелдік интернет-ресурс анықталды. Олардың мәліметі Қазақстан аумағынан кіруге тыйым салу үшін ақпараттық жүйеге енгізілген. Қазіргі уақытта 5 736 ресурс бұғатталған, қалғандары тексеріліп жатыр», — деді Рүстем Дүйсетаев.

    қатысты посттар

    Сайрагүл Сауытбай «Халықаралық батыр әйелдер» сыйлығына ие болды

    Фариза

    «Жыныстық қатынасқа мәжбүрлемек болған» — Медреседе 19 жастағы қызды тірідей өртеп жіберді

    Погон таққан адам тиісіп қылмыңдады деген Айсәуле не бүлдірген?

    Пікір қалдыру

    three − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.