Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Президент Тоқаев Қалмақ басшысымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмақ Республикасының басшысы Бату Хасиковты қабылдады, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

    Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бату Хасиков Қазақстан аймақтарының Қалмақ Республикасымен өзара ықпалдастығын дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, экологиялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыру мүмкіндіктері қарастырылды.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бату Хасиковтың Республика басшысы лауазымында табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

    Бату Хасиков — кикбоксингтен бірнеше дүркін әлем чемпионы, Fight Nights Global негізін қалаушы.

    қатысты посттар

    Назарбаевқа Сенат депутаттары тағы бір мәртебе берді

    «Бойкот», «Масқара» Алматыда полиция бірнеше адамды ұстап алып кетті (видео)

    Біз қабылданған шаралардың арқасында пандемияның таралуына тойтарыс береміз деп сенеміз — Мәулен Әшімбаев

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.