-3.1 C
Алматы
Среда, 18 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Экономика

    Министр баспана қымбаттауына не себеп болғанын айтты

    Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстандағы тұрғын үй бағасының өсуі туралы айтты, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап бере отырып, Атамқұлов құрылыс көлемінің өсуі және мемлекеттің инфрақұрылымға салынған қаржы — бұл қалыпты тренд және дағдарыс кезеңінде тұрақты жұмысты қамтамасыз ету жүйесі екенін айтты.

    Сонымен қатар, министр бағаның өсуіне бірнеше басқа факторлар да әсер ететінін айтты.

    «Нарық пен сұраныс факторы, нарықта артық ақша пайда болу факторы. Зейнетақы ақшасын пайдалану арқылы халықты қолдау өте дұрыс шешім болды. Бірақ бұл субъектив фактор, яғни ақша аласыз және жұмсай аласыз. Егер бұрын нарықта бір адам болса, енді бес адам пайда болды. Егер пәтеріңіз болса және оны жалға бергіңіз немесе сатқыңыз келсе, клиент пайда болғанын көресіз, ертеңінде екі, үш адам хабарласады. Әрине, ол жағдайда бағаны көтеру туралы ойлайсыз, кез келген қоғамда бұл қалыпты жағдай және ол нарықтағы басқа сатушыларға да әсер етеді», — деді Бейбіт Атамқұлов.

    Оның айтуынша, дәл осындай жағдай көлік нарығында да қайталанып отыр.

    Талдаудан кейін Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, ірі компаниялар бағаны 15-20 пайызға арзандата бастаған. Бұл ретте ол министрлік нарыққа ықпал етіп, қысым көрсете алмайтынын қадап айтты

    қатысты посттар

    Кәсіпкерлікке кедергі келтіретін негізсіз талаптарды алып тастау керек – Ә. Смайылов

    Халыққа көмір неге жетпей жатыр?

    Фариза

    Өз жинақтарыңызды девальвациядан қалай қорғауға болады?

    Пікір қалдыру

    two × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.