1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ақмола облысында 15 жастағы қыз өз-өзіне қол салды

    Ақмола облысы Астрахан ауылында 15 жасар қыз өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап

    Үйінің ауласындағы сарайда асылып тұрған жерінен тапқан, дейді «Астана» телеарнасы. Ашық-жарқын қыздың аяқ астынан мұндай әрекетке неге барғанын ешкім түсіне алар емес. Полиция тергеуді бастады.

    Гүлнар Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы:

    Аталған факт бойынша ҚР 105-бабымен «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.

    Білім басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері ақмолалық оқушылар арасында 8 өз-өзіне қол жұмсау жағдайы болған. Сондай-ақ 21 бала суицид жасауға әрекет жасаған.

    Мектеп басшылығы да 9 сынып оқушысының қазасына сене алмай отыр. Өте ақкөңіл, көпшіл еді деп еске алады мектеп директоры.

    Сәуле Балабаева, Астрахан ауылы №1 жалпы орта мектебінің директоры:

    Қыз көпшіл, өмірге құштар бала болып өсті. Мінезі ашық, би үйірмесіне қатысқан. Мектеп психологының айтуынша, суицидке бейімделу белгілерін көрсетпеген. Қазіргі таңда отбасына психологиялық көмек көрсетілуде.

    қатысты посттар

    78 жастағы қарияны ұрып-соққандар емін-еркін жүр. Полиция оларды қамауға алмаған

    Фариза

    ЛОНДОНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР. КАРИНА БЕКТҰР ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ ПЕН ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРДІ ҚАТАР АЛЫП ЖҮРУ ЖАЙЫНДА

    Алматы облысы: Бүгіннен бастап блокбекеттер алына бастайды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.