-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысында тұқым тазалайтын зауыт — оңтүстік өңірдегі бірегей жоба

    Жамбыл облысында өңірлік коммуникациялар қызметінің Тұрар Рысқұлов ауданына ұйымдастырған баспасөз туры барысында жиналған журналистер тобы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан бірқатар нысандарды аралады .

    Аталған аудандағы Құлан ауылының «Сұлутөр» Мәдениет үйін қайта жаңғыртуға 67 миллион 703 мың тенге бөлінген екен. Мердігер «Алира сервиз компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шатырын жауып, сыртқы жұмыстарын толық бітірген. Қазіргі таңда кинозалға орындықтарды орналастыру, жарықтандыру, кинопроектор қою жұмыстары жүріп жатыр.

    «Жөндеу жұмыстары 28-шілде күні басталды, жергілікті 10 тұрғын жұмыс істеп жатыр. Нысан ағымдағы жылдың қарашаның соңына дейін пайдалануға берілу керек», — деп түсіндірді аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Рүстем Қырықбаев.

    Тілшілердің сапары аудан орталығынан 25 шақырым қашықтықтағы Бәйтелі ауылында орналасқан «Қайнар-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоғары репродукциялы тұқым тазалау зауытында жалғасты. Мұнда құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталған. Нысанды тұрғызуға 320 миллион теңге жұмсалса, кәсіпкер оның 256 миллион теңгесін несиеге алыпты.

    «Зауыттың қуаттылығы жылына 3 000 тоннаны құрайтын болса, сағатына 14 тонна тұқымды тазалап үлгереді. Әзірге 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз, ал маусымаралық кезінде 80 азаматқа дейін тартатын боламыз. Олардың орташа айлық жалақылары 75-80 мың теңгенің шамасында. Қазіргі біз оңтүстік өңірдегі бірегей зауыт болып тұрмыз. Мұнда құрылғылардың үш түрі орналасқан. Бұл құрылғылар арқылы тұқымды жоғары деңгейде тазалап, сапалылығын арттыра түсеміз», — деді зауыттың директоры Асхат Дүйсебаев.

    Тиісті маманның сөзінен ұққанымыз, нысан іске кіріскелі екі ай ішінде тұтынушылардың көп екеніне көз жеткізген. Зауытта тұқымның кез келген түрі тазаланады.

     «Жөндеу жұмыстары 28-шілде күні басталды, жергілікті 10 тұрғын жұмыс істеп жатыр. Нысан ағымдағы жылдың қарашаның соңына дейін пайдалануға берілу керек», — деп түсіндірді аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Рүстем Қырықбаев.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: Тұрғындарға «HАLYK-SAULET» электронды жүйесі арқылы қызмет көрсетілуде

    Фариза

    Шымкент: Қала әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

    Фариза

    Облыс әкімі қаржы жүйесі қызметкерлерін құттықтады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.