23 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Оқ-дәрілерді жару басталды – Қорғаныс министрлігі

    Инженерлік-саперлік бөлімшелерінің күшімен Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер фрагменттерін бақылап жару басталды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

    Жұмыс күн сайын дүйсенбіден бастап жұма аралығында ағымдағы жылғы 13 қарашаға дейін жүргізіледі.

    Бұл үшін адамдар жоқ таулы жерде әскери бөлім мен елді мекендерден алыста әскери бөлімнен 12 шақырымнан астам қашықтықта учаске белгіленді. Мамандар тобы жергілікті халық пен инженерлік-саперлік бөлімшелер жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таңдалған жер учаскесін толығымен зерделеді. Жергілікті атқарушы органдары мен жергілікті халыққа жару жұмыстарының жүргізілуі туралы алдан ала хабарланды. Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлерін тарта отырып, әскери полиция күшімен жару орнының айналасындағы аумақ қоршалды. Жару кезінде дыбыстық әсер болады. Жүргізілетін жұмыстың жергілікті халық үшін қаупі жоқ, делінеді хабарламада.

    қатысты посттар

    Қазалылық кәсіпкер оттегі баллондарын толтыруға көмек көрсетті

    Фариза

    Қызылорда облысындағы 3 мектепте «Ауыл мектебі» жобасы іске асуда

    Фариза

    “Өзім ғой бұл өмірге көндіктім, бірақ қызым үшін қорқамын”

    Пікір қалдыру

    1 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.