20 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Арыстағы жарылысқа байланысты айыпталғандарға үкім шықты. Ең ауыр жаза – 10 жыл түрме

    26 шілдеде Шымкент қаласындағы әскери бөлімде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймдағы жарылысқа қатысты айыпталған 16 адамға үкім оқылды. Сот 16 адамның 12-іне 4-10 жыл аралығында түрме жазасын берді, 4-і шартты түрде сотталды. Шартты жаза мерзімі 4 пен 7 жыл аралығы деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq.ryhy порталына сілтеме жасап.

    Сотталушылардың біреуі үкіммен келіспейтінін айтты. Қалғандары пікір беруден бас тартты. Жәбірленушілер өздеріне өтемақы төленбегенін айтып, наразылық білдірді.

    Бұған дейін прокурор соттан айыпталушыларды 4 жылдан 10 жылға дейін соттауды сұраған еді. Адвокаттардың сөзіне қарағанда, айыпталушылардың барлығы кінәсін мойындамаған.

    Жарыссөз сөзінде адвокаттар тергеп-тексеру барысында жіберілген заңсыздықтар туралы айтқан еді. Олар “жарылыстың шығу себебі анықталмады. Тағылған айып дәлелденбеді” деген.

    Шымкент, 26 шілде 2021 жыл.
    Шымкент, 26 шілде 2021 жыл.

    Арыстағы жарылысқа байланысты сот отырысы 2020 жылдың 11 маусымында басталған. 400-ден астам томнан құралған істе 16 адам айыпталушы, 1500 адам жәбірленуші деп танылған болатын.

    Сотталушылар арасында әскери қойманың командирі мен орынбасары да бар. Оларға “Жарылыс қаупi бар нысандарда қауiпсiздiк қағидаларын бұзу” (281-бап), “Немқұрайлық” (371-бап) баптары бойынша айыптар тағылған.

    Биыл қаңтарда сот “қылмыстық істегі кемшіліктерді жою және іске қатысы бар басқа да адамдарды қылмыстық жауапқа тарту үшін” істі прокуратураға қайта тергеуге жіберген еді. Ал 12 сәуірде Шымкент гарнизоны соты істі қайта қарай бастаған.

    Сот істе “мемлекеттік құпияға байланысты деректер бар” болғандықтан жабық өткен.

    2019 жылы 24 маусымында Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасы жарылып,соның салдарынан төрт адам қаза тапқан. Олардың екеуі – әскери, біреуі – бейбіт тұрғын, ал бір бала эвакуациялау кезінде жол апатынан мерт болды.

    Жарылыс болған күні мыңдағын үй зақымданып, Арыстың 40 мыңнан астам тұрғыны Шымкент қаласы мен төңірегіндегі елдімекендерге эвакуацияланған. Олар кейінірек Арысқа қайта оралған.

    Ресми мәлімет бойынша, қаладағы 7 527 үй мен көпқабатты 103 тұрғын үй зақымданған. Пайдалануға жарамсыз болып қалған 420 үй мен 3 көпқабатты тұрғын үй құлатылған.

    Кейін билік жарылыстан үйінен айырылған тұрғындарға баспана салып берген.

    Фото: из открытых источников

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында 2805 адам мемлекеттік грантқа ие болды

    Фариза

    Қызылордада пробация есебіндегі азаматтарға көмек көрсетілді

    Фариза

    Қызылорда: Медициналық ұйымдарға 32,2 млрд теңге төленді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.