8 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау 23 мамырда басталады

    Елімізде 23 мамырда «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және резидентураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Биыл тағылымдамадан өтуге құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады. Өтініштер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.

    Конкурстық іріктеу 2022 жылғы 30 мамыр мен 30 қараша аралығында өтеді.

    Биыл магистратура мен резидентураға 385, докторантураға 60 стипендия бөлінді.

    Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басты назар аударылады. Осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға гранттар саны 60%-ға дейін ұлғайтылды. Атап айтқанда «Инженерлік жүйелер мен желілер», «Авиация және аэроғарыштық техника, Әуе қозғалысын басқару», «Үлкен деректерді талдау», «Жаңа материалдар технологиясы», «Деректер базасын басқару», «Авиациялық техника және технологиялар», «Машина жасау», «Өнеркәсіптік автоматтандыру» және тағы басқа мамандықтарға, – деді ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

    Жалпы биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізімінде академиялық оқуға 92, тағылымдамадан өтуге 158 мамандық қарастырылған.

    Еңбек нарығының үрдістерін талдау негізінде биыл тізілімге инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және өнеркәсіптік инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласындағы 40 жаңа мамандық енгізілді. Сонымен қатар олардың 17-сі атауларын кеңейту арқылы бұрыннан бар мамандықтарға енді. Жалпы басым мамандықтар тізімі техникалық мамандықтармен 30%-ға кеңейтілді.

    «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады:

    • Кешенді тестілеу;
    • Тәуелсіз сарапшылық комиссиясы мүшелерімен жеке әңгімелесу;
    • Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.

    қатысты посттар

    Таразда «Қауіпсіз мектеп» пилоттық жобасы жүзеге асуда

    Фариза

    Таразда мұғалім оқушыларға Жириновский партиясының атынан сыйлықтар таратқан

    Фариза

    1 қыркүйектен бастап мектептер қашықтықтан оқытуды жалғастыра ма – министр жауабы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen + seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.