5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыдағы жоғары оқу орнында емтиханнан құлаған студент суицид жасады

    Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетінің студенті өз-өзіне қол салды. Бірінші курсты аяқтаған білімгер мұндай әрекетке оқу үлгерімінің нашарлығына байланысты барған, деп хабарлайды Qazweek.kz со ссылкой на Экспресс К.

    Студенттің суицид жасағандығы жайлы ақпарат алдымен Telegram-дағы Qumash каналында жазылды. Мәліметте білімгердің екі пән бойынша жазғы сессияға қалып кетуі осындай жағдайға алып келгені айтылады. Жоғарғы оқу орнында да бұл қайғылы оқиғаны растап отыр.

    Сергей Лидің өз-өзіне қол салғанын естігенде есеңгіріп қалдық. Біз оның отбасына, жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ол жарқын жүзді, болашағы зор студенттің бірі еді. Университет тарапынан қайғырып отырған отбасына барынша қолдау көрсетіледі,

    — деді Университет ұжымы.

    Қалалық полиция департаментінде аталған жағдай Қылмыстық кодекстің 105 бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша іс қозғалғандығын айтты.

    Қылмыстық істі Бостандық аудандық ПБ тергеуге алды. Оқиғаның мән жайы тексеріліп жатыр. Сараптама тағайындалды,

    — дейді қалалық полицияда.

    қатысты посттар

    Ерейментау әкімдігінің қызметкерлері аза тұту күнінде жаңа жыл мерекесін тойлаған

    Фариза

    Үш баланың анасын зорлап, өлімге душар еткен имам қандай жазаға тартылады?

    Балалар 6 жастан бастап мектепке баруға міндетті ме: Министр жауап берді

    Пікір қалдыру

    4 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.