10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылдық 3-6 жас аралы¬ғындағы балалар балабақшамен толық қамтылған

    Қазіргі таңда киелі Әулиеата жерінде білім саласына да айрықша басымдық берілген. Соның жарқын дәлелі ретінде – аталған саланы қаржыландыруға 218,5 миллиард теңге қарасты­рыл­ды. Қазір аймақтағы 3-6 жас аралы­ғындағы балаларды мектепке де­йінгі ұйымдармен қамту – 100 пайызға, 1-6 жастағы балғындарды – 91,5 пайызға, қо­сымша білім берумен қамту 83,7 пайызға орындалды.

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасының не­гізінде өңіріміздегі 44 592 педагогтің еңбекақысын 25 пайызға ұлғайтуға 35,1 миллиард теңге қарастырылса, 2022 жылы бұл 59,6 миллиард тең­геге жетпек. Сондай-ақ жыл ба­сы­нан 11,1 миллиард теңгеге 23 ны­сан­ның құрылысы басталып, жаңа оқу жылында 1 716 орындық 5 мек­теп пайдалануға берілсе, 1 380 орын­дық тағы 3 мектептің құры­лысы жыл соңына дейін аяқталады. Осының нәтижесінде 1 апатты, 3 үш ауысымды, 2 орын тапшылығы бар, тозығы жеткен 2 мектептің мәселесі шешіледі. Қалған 15 нысанның құрылысы келесі жылы аяқталады.

    Облыс орталығында тұңғыш рет «Оқушылар сарайының» құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек 13 мектеп күрделі жөндеуден өтті, 2 мектеп және 1 білім басқармасына қарасты мекеменің күрделі жөндеу жұмыс­тары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

    Балалардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мақсатында барлық 443 мектеп бейнебақылау камералары­мен толық қамтамасыз етілген.

    Жаңа оқу жылына дейін 370 мектепке дабыл түймесі, 85 мек­тепке турникет орнатылады. Тараз қаласындағы 60 мектеп жедел бас­қару орталығына қосылды.

    Өңірдегі тек білім саласында ғана емес, Мәдениет саласында 139 ауыл­дық елді мекенде 208 цифрлан­ды­рылған ақпараттық және коворкинг орталықтары ашылды. Сондай-ақ мәдениет нысандарын арттыру мақ­сатында «Ауыл – ел бесігі» ар­найы жобасы аясында 4 нысанның және «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында 1 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

    Жуырда туризмді дамыту мақ­сатында өңірлік бағдарлама қабыл­данатын болады. Шаһар тұрғын­дарының алаңсыз демалуы үшін «Тектұрмас» этнотарихи кешені қайта қалпына келтірілді. Бұдан бөлек, жеке инвестиция есебінен «Қаралма» тау-шаңғы кешені мен «Көксай» этнотарихи кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында күзгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

    Фариза

    Жамбылда «Ауылым – алтын бесігім» фестивалі өтті

    Фариза

    Г.Әбдіқалықова: Көлік қозғалысы кезінде жолаушылар қауіпсіздігі сақталуы тиіс

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.