10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Шу ауданында қос бірдей білім ошағы салынуда

    Жамбыл облысы Шу ауданында 300 оқушыны қамтитын Әл- Фараби атындағы орта мектеп пен Оқушылар сарайы салынуда, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі

    Ауданның басты ауылдарының бірі Төле би ауылындағы айналма жол маңында салынып жатқан Оқушылар сарайы 42 оқу бөлмесінен және 240 адамдық мәжіліс залынан құралады. Ауданның өнерлі ұл-қыздарының шығармашылығын арттыруды мақсат еткен ғимарат құрылысымен Қайрат Шаданов жетекшілік ететін жұмыскерлер айналысуда.

    «Оқушылар сарайының құрылысын біз 2019 жылы бастадық. Ауқымды жұмыс болғандықтан жауапкершілігі де орасан. Осы жылдың қыркүйегінде жұмыс толығымен аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылыс жұмысымен 40 адам айналысса, соның тең жартысы жергілікті тұрғындар. Жұмыс ауқымдылығына байланысты айлық жалақы орта есеппен 250 000 теңгеден 280 000 теңгені құрайды. Мәселен біз жұмысқа жергілікті тұрғынды дәнекерлеуші ретінде қабылдадық, оның жалақысы 250 000 теңге. Үлкен еңбекпен тұрғызылып жатқан сарай алдағы уақытта өнерлі өрендердің болашағына жол ашып, биіктерді бағындыруына себеп болады деп үміттенеміз», — дейді Қайрат Жұмабекұлы.

    Әл-Фараби атындағы мектеп құрылысымен «Сұңқар 2002» ЖШС айналысуда. Атап өтерлігі, 300 баланы қамтитын мектеп 4 бөліктен тұрады. Оның біріншісі кіреберіс бөлік, екіншісі спортзал мен мәжіліс залынан құралған, үшіншісі 102 орындық асхана және төртіншісі үш қабаттан тұратын оқу кабинеттерін құрайды.

    «Құрылысты ағымдағы жылдың сәуір айының ортасында бастадық. Біз жұмыс барысында ешқандай қателік жібермеуге міндеттіміз. Себебі бұл оқушылардың және қаншама қызметкердің денсаулығына қауіп төндіреді. Қазіргі таңда мұнда 35 адам жұмыс жасауда, соның ішінде оның 15–і жергілікті тұрғындар. Құрылысшылардың айлық жалақысы орта есеппен 150000-180000 теңгені құрайды. Мектеп құрылысы келер жылдың сәуірінде аяқталады деп жоспарлануда. Ал желтоқсан айында жұмыстың 90 пайызы аяқталады деп күтілуде», — дейді құрылыс жетекшісі Дәуренбек Жұмабеков.

    Жалпы айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша 782 білім нысандары жұмыс істейді десек, оның 442-і мектеп, 227-і балабақша, 21-і колледж, 59-і қосымша білім беру ұйымдары, 4-і кешкі мектеп, 17 ПМПК/КППК, 4 мектеп-интернаты, 8 басқа білім мекемелері.

    қатысты посттар

    «12 мектеп – өзбек тілінде, 11 мектеп – ұйғыр тілінде»: сенатор аралас мектептердің көбейгенін жеткізді

    Фариза

    Шымкентте талапкерлердің ҰБТ тапсыру кезіндегі түсірілген бейнебақылау жазбалары министрлікке жолданады.

    Фариза

    «Ректор гранты сақталмайды». Асхат Аймағамбетов министр болғалы қанша ЖОО бас лицензиясынан айырылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.