5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте үш ауысымды мектептер саны бесеуге азайды

    Шымкент қаласында осы жылы 6000 орындық тоғыз мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде 5-і жаңа мектеп болса, 3-і қосымша құрылыс. Бұлардың қатарында Бекет батыр-Ташенов көшелерінің қиылысында орналасқан 1 өнер мектебі де бар.  Нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны он тоғыздан он төртке азаяды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Жалпы 2020 жылы қалада он үш білім нысанының құрылысы жүрсе, оның ішінде 4төрт мектеп құрылысы келер жылға өтпелі. Карантиндік шектеулерге қарамастан Шымкентте салынып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Жалпы нысандардың құрылысына алты жүз жиырма жұмысшы жұмылдырылған.

    Сонымен қатар Шымкент қаласының білім ұйымдарында ағымдағы жөндеу аяқталып, он бес мекемеде күрделі жөндеу, он жеті мекемеде спорт алаңдары және отыз алты мектепке ішкі әжетханалар орнатылып іске қосылды. Ал мектеп парталары 18 000-ға жаңарып, соңғы үлгідегі бейне бақылау камералары мен отыз мектепке турникеттер орнату жоспарлануда.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: «Еңбек» бағдарламасы аясында 20 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған

    Фариза

    Шетелдік сарапшылар Тараздағы конференцияға оң бағасын берді

    Фариза

    Жамбылда денсаулық сақтау саласына айрықша ден қойылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.